Барлық ұлы адамдардың өзіндік ерекшелігімен қатар ұлылығы мен данышпандылығының «теріс» жағы да болды. Мао Цзэдунның жыныстық қатынас пен мәңгі өмір сүруге деген құштарлығына адам таңқалады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Жыныстық белсенділік мәңгі өмір сүрудің бір жолы болуымен қатар, табиғи бейімділік те бола алады. Маодың жыныстық қатынасқа деген құмарлығын білу арқылы оны есі ауысқан деп ойлайтыныңыз анық. Оның құмарлығы қартайғанға дейін де жалғаса берген.

Қытайда ұлы қытай халқының арғы атасы болып есептелетін сары император туралы аңыз бар. Ежелгі аңызға көптеген адамдар сенеді екен. Сары император жыныстық белсенділікпен бірге 1000-даған қыздар арқылы ұзақ өмір сүріпті. Яғни сол қыздардың барлығымен жыныстық қатынасқа түскен.

Мао Цзедун ұзақ өмір сүру деген қағидаға сенетін. Ол төсектен табылатын көптеген әдемі қыздардың арқасында өмір сүруді жалғастыруға болады деп ойлайды. Егер пәк қыз қаншалықты жас болса соншалықты ұзақ өмір сүруге өз әсерін тигізеді екен.

Мао Цзедунның ресми түрде 4 әйелі болған. Сонымен бірге ол көңілдестерін өте жылдам ауыстырып отырыпты. Бірақ біраз уақыттан соң психологиялық тұрғыдан стресс ала бастады. Бірақ 10 жылдан соң жыныстық белсенділігі қайта жаңарды.

Мао Цзедунның алдына «өлмейтін басшы» үшін деп, күш беріп көмектесуге арнайы Қытайдағы ең әдемі қыздарды алып келетін. Бүкіл қытай халқы әр таң сайын «Төраға Маоға 10000 жыл өмір сүрсін» деп айтады екен.
Осындай оқиғалардан кейін біреулер әр елден осыған ұқсас адамның болғандығын қалайды. Бірақ бұл мүмкін емес шығар. Себебі Мао Цзедун белсіздікпен ауырған, оның артында ұрпақ қалмаған.

Алайда Маоны өзінің жас жұптары марапаттап та үлгерген еді. Бұл талғампаз сыйлық трихомоноз атты венерологиялық ауру болып шықты. Мао осы ауруға шалдықты. Бірақ қалай? Себебі оның алдына келген әр қыз тексеруден өтетін. Жауабы анық. Бірнеше қыз дұрыс тексерістен өтпеген. Бұл ауруды емдеуге болатын еді. Бірақ бұл ауруды емдеу үшін біраз уақыт жыныстық үзілісті қажет етті. Мао бұл емдеу тәсілін орындай алмады.

Таңқаларлық сұлу қыздардың өздері Маоны өлімнен арашалап қала алмады. Ол 1976 жылы қайтыс болып, оның денесі майланып, Пекиндегі Тяньаньмэнь атты үлкен алаңға ескерткіш ретінде орналастырылған.