«Ақ бөлме». Тұтқынды азаптаудың ең сорақы әдісі

/uploads/thumbnail/20170710053551280_small.jpg

Түсті де азаптау мақсатында пайдалануға болады екен. «Ақ бөлме» деп аталатын бөлме адам психологиясына кері әсер ететін қауіпті тәсілдердің бір түрі. Иран соғысында мұндай азапатудың түрі белең алған.

«Ақ бөлме» - тұтқындарды жазалау үшін ойлап табылған әдістің түрі.

Тұтқынды ақ қабырғалы бөлмеге қамап қояды. Көрпе, киім, бөлмедегі кез-келген дүние ақ түстес. Тамағы да пісіріліген әппақ күріш болды. Ақ бөлме ғана болса жақсы ғой, бөлменің ішінде бір жаңғырық болмайды, мүлгіген тыныштық. Тұтқын бөлмеде жалғыз болады, араласатын ешкімі жоқ. Егер дәретханаға шыққысы келсе, есіктің астынан күзетшіге сигнал ретінде ақ қағаз көрсетеді екен. Күзетшінің аяқ-киімінің сыбдыры да естілмейді. Себебі, сотталушы өз қимылынан өзге бір дыбыс есітмеуі керек.

Байқағанымыздай, бұл азапату түрі ұру, қинау сынды физикалық күш қолданудан тұрмайды. Алайда, соққыға алу арқылы қинаған жақсы ма деп қаласың. Себебі азаптаудың мұндай түрін қолдану барысында адамның миы іштен бүлінеді, яғни, соққы тікелей миға түседі. Бұл әдістің мақсаты – адамдардың бойына қорқыныш ұялату. Тұтқындағы адам өзін жеке тұлға ретінде жоғалтып алады. Өзінің кім және қайдан келгенін, тіпті таныстарын есіне түсіре алмайтындай жағдайға жетеді. Ақ түске байланысты фобия пайда болады.

 «Ақ бөлме» Иранның революциялық гвардиясында пайдаланылды. Ал тұтқындардың қатарында көбіне тілшілер болған. Сондай тұтқындардың бірі – Әмір Фахравар. Ол басынан өткен азаптауды қиналып еске түсіре отыра, сипаттап берді. Фахравардың ісі 2004 жылғы «Халықаралық амнистия» ұйымында құжатталды.

2004 жылы Әмір Фахравар 8 ай бойы «Ақ бөлмеде» тұтқындалған. Бүгінгі таңда басынан өткен сұмдық оқиғаны қорқынышпен еске алады.

«Мен ол жерде 8 ай бойы отырдым, нәтижесінде ата-анамның бейнесін есіме түсіре алар емеспін. Бостандыққа шыққанымның өзінде мені дені сау адам деп атау мүмкін емес еді» дейді Фахравар.

Мұндай үлгідегі азаптау Ирландияда, АҚШ-та, сондай-ақ Венесуэлада болған. «Ақ бөлмеге» кірген кез-келген адам қайта өз қалпына келе алмайтын жағдайға түседі. 

Дайындаған: Гүлім Жақан

 

Қатысты Мақалалар