Әдетте елес пен қала сөзін бірге қолданғанда көз алдымызға бос тұрған ғимараттар, қолданысқа жарамайтын ескі заттар, келушісі жоқ дәмханалар , қираудың алдында тұрған қақпалар елестейді. Алайда мұның барлығы Қытайдың шөлді аймағында орналасқан Кангбаши қаласына қатысты емес.
Әлемде 1,5 млн. адамды дәл қазір қабылдауға дайын қала бар, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Қала қоғамдық көліктермен, жаңа баспаналар , теп-тегіс жол, спорт аллеясы және түрлі саябақтармен қамтамасыз етілген. Бір өкініштісі қаланың ішінде қозғалыс жоқ.

Ғажайыпқа толы қала Қытайдың солтүстігінде орналасқан. Бұл жерді Ішкі Маңғолия деп те атайды.

2001 жылы бұл жереден көмір кені табылған. Адам сенгісіз байлыққа кенелген билік басындағылар жаңа қала тұрғызуға шешім қабылдайды. Бастапқыда бұл қала 1 млн. адамға есептеліп жасалған.

2003 жылы қаланың құрылысы аяқталып, өзінің тұрғындарын қабылдауға дайын тұрды. Алайда, Қытай халқының кейбір тұрғындарының жылжымайтын мүлікті иемденуге қалтасы көтере бермейді.

Фотограф Александр Белый аталған аймаққа барып қайтқан болатын. Өз ісінің маманын кең көшелер , көпқабатты бос тұрған тұрғын үйлер, және тіршілігі жоқ бос көшелер таң қалдырған.

Кангбашиде бағдаршам халықтың аз болғанына қарамастан тоқтаусыз жұмыс істеуде. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қалада 30 мың адам адам тұрады.

Елесті қала атанған бұл аймақта көшелерде түрлі баннер мен маңдайшалар ілулі. Заманауи қоғамдық көліктер мен түрлі мүсіндер, замануи ойын-сауық кешендері, бизнес-орталықтар, тұрғын үйлер көздің жауын алады.


Кангбаши қаласының жалпы жер көлемі 350 шаршы шақырым км. Самара мен Қазан қалаларының аймағын алып жатқан алып шаһарға Қытайдың билік басындағылар бір кездері халықты толассыз көшіп келеді деп ойлаған.
Тағы бір қызық деректі айта кетсек: жекеменшік инвесторлар жаңадан негізі қаланған шаһардан жылжымайтын мүлікті көптеп сатып алған. Бүгінде қарапайым халықтың қаржысының жетпеуі салдарынан ойдағы бағасына сата алмай отыр.

Көп қабатты тұрғын үйлерде кейбір пәтерлер безендірілмеген. Еденмен қамтамасыз етілмегендері де кездеседі. Алайда, жылумен қатамасыз ету өз деңгейінде. Шаһарды қалаушылар тұрғындар көшіп келгенге дейін барлық құрылыс жұмыстарын аяқтауды ойлап отыр. Жалпы айтқанда, мемлекеттің қаржысының біраз бөлігі ешкім тұрмайтын үйлерге жұмсалуда.

Қала бірнеше ауылдың орнына тұрғызылған. Қазіргі күнге дейін құрылыс жұмыстары тоқтаусыз жүріп жатыр.

Қала ішінде тек кешке жақын ғана автокөлікпен жүрген тұрғындар мен жаяу серуенге шыққан адамдардың қарасы көрінеді. Кейбір тұрғындар жергілікті дәмханаларға барып тұрады.


Көп жағдайда Кангбаши қаласында әдетте көше тазалығына жауап беретін қызметкерелерді ғана кезіктіруге болады. Шындығына келгенде, бұл аймақта басқа табыс көзі де жоқ.

Айтылып жүрген аңыздарға сүйенсек, Қытай халқы Сібірді жаулап алмақшы. Жаулап алған орыс халқын бос тұрған қалаға орналастырмақшы. Астыртын жұмыстардың басты көзі осы қала болмақ.

10-20 жылдан соң бұл қалада тіршілік жанданып, тұрғындардың қатары көбейеді деп үміттенеміз.

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ