АҚШ-та полиция қызметкері жеткіншекті басына оқ атып өлтірген

/uploads/thumbnail/20170710053913642_small.jpg

АҚШ-тың Даллас қаласында Рой Оливер есімді полиция қызметкері 15 жастағы жеткіншек Иордан Эдвардсты атып өлтірген. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі хабарлайды. Басына тиген оқтан қайтыс болған жеткіншек өз достарымен автокөлікте келе жатқан. Полиция қызметкерінің сөзіне қарағанда, бұл іс-әрекетіне себепші болған - көлік жүргізушісінің өзін агрессивті ұстап, бұзақылық тантуы. Алайда бұл ақпарат дәлелденбегендіктен, қызметкер тұтқындалды. Қазіргі уақытта оқиға бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. 

 

аударған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар