Мемлекет басшысының Өкімімен Әзімхан Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетер болсақ, ҚР Президентіне тікелей бағынатын арнайы әскери құрама ҚР Президентінің 1995 ж. 3 қазандағы Жарлығымен мемлекеттік орган болып құрылған.