33 жастағы «мінсіз» келбет иесі енді көзінің түсін өзгертпекші

/uploads/thumbnail/20170710053949064_small.png

Родриго Алвес өзінің сырт келбетімен атақты «Барби»-дің жұбы «Кен»-ді еске түсіреді. Ол өз көзінің табиғи түсін өзгертісі келеді. Оның пікірінше, табиғи қоңыр түс оның келбетіне жараспайды.

Пластикалық ота жасауды жоспарлап отырған ол көз аламасын сұр түске өзгерткісі келеді, алайда мұндай ота өте қауіпті. Мұндай отадан соң көзі көрмей қалуы да ғажап емес. Бұл туралы Қамшы ақпараттың агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ота жасау үшін Родриго Нью-Делиге келіп көз түсін коррекциялауды іске асырған. Модельдің 20 жыл бойы тағып келген көз линзаларынан бас тартып, линзасыз жүруге мүмкіндік болатынына үміті бар:

«Қоңыр көздер менің табиғатыма сәйкес келмейді. Мен мінсіз болғым келеді»-дейді ол.

2004 жылдан бері Родриго сырт келбетіне 150 ота жасатып, 400  мың фунт-қа дейін қаражат жұмсаған. Пластикалық отаны телевизия саласында жұмыс істеп табатын қаражаты мен жарнамадан түскен қаражатқа жасатып келеді екен.

аударған: Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар