Вьетнамдық ер адам өлген сәбилерді құпия түрде сақтап келген (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710054031752_small.jpg

Кейде өз әлемімізде, елімізде болып жатқан жаңалықтарды оқып, заман өзгерді ме, әлде адам ба деп күрсінетін кездеріміз болады. Бірақ жер ғаламшарын мекен еткен адамдардың барлығын бірдей жамандыққа қия алмайсың. Иә, әлемде жақсылықты есімізге түсіріп, тәубемізге келтіріп тұратын адамдар баршылық. Олардың іс-әрекеттерін көріп, өзіңе қарайсың. Ол менің де қолымнан келетін дүние ғой дейсің. Әттең, бірақ қолыңнан келетін істі жүрегіңнің істеуге ынтызар болмай тұрғаны өкінішті-ақ. Барлық мәселелерді айтып, қоғам өзгерді деп өтірік күрсінгенше, сол мәселені шешуге өз үлесімізді қосқанда әлем мүлдем басқаша болатын еді

Үлгі аларлық азаматтың бірі вьетнамдық Тонг Фуок Фука. Ол бүкіл әлемді таңқалдырды. Қамшы ақпараттық агенттігі оның көпке үлгі болған ісін өз оқырмандарына ұсынады. Вьетнамдық ер адам жасанды түсіктен кейін балаларды құпия түрде сақтап жүрген.  

Оның әйелі 2001 жылы аяғы ауыр болып алғаш рет әйелдер клиникасына жатады. Ол сол жерге кірген екіқабат әйелдердің барлығын бақылап отырған. Олар біраз уақыттан кейін кабинеттен көздеріне  жас алып шығады.  Вьетнамдық еркек сол кезден бастап  жасанды түсік жасатумен күреспекші болады. Олар қалай өз туған баласын өлімге қияды деп ұзақ ойланады.

Тонг алғашында клиниканың қасындағы жерді сатып алу үшін ақша жинады. Ол  жасанды түсік жасалған сәбилерді сол жерге сақтауға шешім қабылдап, рұқсат алып болғаннан кейін, бірден іске кіріседі. Ол зираттарды көрген әйелдер жасанды түсік жасатуды доғаратын шығар деп ойлапты. Біраз уақыттан кейін Тонгке «баламызды баға алмаймыз, оған қаражатымыз жетпейді»,-деп  аналар келе бастады. Сол кезде ол бұрын-соңды ойламаған шешім қабылдайды.

Тонг балаларды өз қамқорлығына алуға келісім береді. Зираттардың қасынан ол тағы да жер алып, үй тұрғызады. Бұл үй 100-ден астам балаларға пана болды..

Балаларды шатастырып алмас үшін оларға лақап ат қояды. Мысалы, Там – «жүрек», Вин – «абырой», тағы басқа.

Балалар өз анасының және құтқарушысының тегімен иеленеді. Тонг балалардың туған ата-анасының материалдық жағдайы жақсарған кезде оларды туған  отбасына табыстайды екен. 

Аударған: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар