ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ АСТАНАДА АЙБЫНДЫ ПАРАД ӨТТІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710054233161_small.jpg

Астанадағы Қазақ елі алаңында ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған әскери парад өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үлкен әскери парад болды. Парадты Facebook желісінен "Атамекен бизнес арнасы" тікелей эфирден көрсетті.

Алаңға Елбасы  Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев келді.

«Қарулы Күштеріміз әр уақытта да  Тәуелсіздігіміздің басты тірегі болып қала береді. Сіздер өздеріңіздің қасиетті борыштарыңызды адал атқарып, туған  жеріміздің тыныштығын қорғаңыздар, өздеріңіздің кәсіби шеберліктеріңізді, жауынгерлік дағдыларыңызды арттырып, жауынгерлік бауырластық пен бірлікті нығайтыңыздар. Мерейтойлық шерудің қазақстандық армияның әскери қуатын, жоғары рухын көрсететіндігіне сенімдімін», - деді президент.

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовқа Әскери парад қолбасшысы, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерінің бас қолбасшысы, генерал майор Мұрат Бектанов әскери парад туралы баянат жасады. Қорғаныс министрі Елбасына - Бас қолбасшыға парад дайын деп баяндады.

Шеруде 5000-нан астам әскери қызметшілер салтанатты маршпен жүріп өтті, 300-ге жуық әскери техника мен заманауи қару-жарақ түрлері жұртшылық назарына ұсынылды. 70-ке жуық әуе техникасы Қазақстанның авиациялық әлеуеті мен жауынгерлік әзірлігін паш етті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар