«Менің ұлым 1994 жылы қаза болған еді, бірақ оның жүрегі 2017 жылға дейін соғып тұрды»

/uploads/thumbnail/20170710054254661_small.jpg

1994  жылдың  қыркүйегінде  әке  шешесімен  Италияда  саяхаттап  жүрген 7 жасар Николас  Грин  қылмыстық  қателік  салдарынан  оққа  ұшқан.  Бұл  өлім  оның  әке-шешесі  Реджа мен  Гэгги  Грин  үшін  қасіретке  айналды.

Бұл  оқиғадан соң, Реджи  мен  Мэгги  ұлдарының  дене мүшелерін донорлыққа ұсынған еді.  Және  бұл  жағдай  бүкіл  Италиядағы  донорлықты соңғы он жылда 3 есеге арттырып жіберген  болатын. Осыдан соң "Николдың әсері" деген феномен қалыптасты.

Түнгі аңду

"Қара түсті бір көлік бізді аңдып жүргенін бірден байқадым ",- деп сол түнді есіне алады Реджа Грин.  

"Бір кезде, олардың көлігі озуға ұмтылған сәтте менің бойымдағы қауіп  сейілгендей  болды", -дейді ол.  Алайда  олар  озбай  менің  көлігіммен қатарласа жүрді және сол сәтте  мен қатты  айғайды естідім. Олар бізден тоқтауды талап еткен тәрізді болып естілді .

"Егер  мен  тоқтар  болсам, олар біз  үшін  қауіптірек  болар деп  жылдамдықты  бірден  арттырдым .Олар да бізден қалыспастан қуа жөнелді. Құдды бір түнгі мәшине жарысы дерсің. Бір кезде олар артқы терезеден оқ атты. Мэгги артқа жалт бұрылды.  Балалар үнсіз  ұйықтап жатқан еді".

"Бірақ  жағдай  бұдан да  қайғылы  болған  екен.  Эленор  шынымен де қамсыз ұйқыда жатыпты.  Ал Николастың басына оқ тиіпті. Осыдан қас-қағым сәтте жүргізуші жақтағы терезеге оқ атылып, олар бірден іздерін суытты.

"Мен  дереу  көлікті  тоқтатып,  жарықты жағып, артқы жаққа үңілген сәтте Николас қозғалмай жатыр екен, тілі аузынан  шағып қалыпты",-деп есіне алады Грин.

Бұл оқиға жайында Грин "Николастың әсері" атты кітап жазады. 1998 жылы бұл туралы фильм түсіріледі.

"Сол  сәтте  мен  өмірімдегі  ең  сұмдық жағдайды  басымнан өткергендігімді түсіндім",-дейді ол.

Отбасылық демалыстың сұмдықпен аяқталарын кім ойлаған. Бірнеше күннен соң Реджми жан-сақтау бөліміне түседі.

Сонымен оның ата-анасы бұл оқиғадан соң бүкіл Италия елінде үлкен құрметке ие  шешім қабылдайды. Олар өз баласының органдарын науқастарға салуға өз келісімдерін береді.

"Сол  сәттерде  бұл адамдар бізді абстрактілі ойда қалдырды. Олардың  кім  екенін де білмедік. Бұл қайырымдылыққа ақша берген тәрізді болды.Төрт айдан соң бізді Сицилияға шақырды.  Себебі донорлық мүшелерді алған адамдар сол жерде тұрады екен",-дейді Грин.

Николастың ішкі дене мүшелері кімдерге берілді:

1.Андреа Монджиардо-жүрек.2017 жылға дейін өмір сүрді.

2.Франческо Мандело-көздің қасаң қабағы

3.Тино Мотта-бүйрек.

4.Анна Мария ди Черье-бүйрек.

5.Мариа Пиа Педала-бүйрек.

6.Сильвиа Чампи-ұйқы безі.Шамамен бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.

Гриннің  айтуы  бойынша, Италияда  қылмыскерлер балаларды сирек өлтіреді екен, себебі полиция оларды табанды түрде іздейтін көрінеді. Іздестіру нәтижесі бойынша, қылмысқа қатысы бар екі адам тұтқындалды.Олар италиялық Франческо Месиале мен Микеле Ианело болып шықты. Алайда әлі күнге дейін бұл жайт жұмбақ болып қала берді. Көлікті шатастырды ма, әлде тапсырыс па, тонау ма бәрі белгісіз.

Грин  италиялықтардың  бейкүнә сәбидің өлгеніне және оның органдарын қайырымдылыққа бергені үшін қатты ұялатындықтарын айтты. "Біздің қайырымдылығымыз бұл шара бойынша бүкіл Еуропадағы донорлық етуден ең соңғы орын алатын елді  ең алдыңғы қатарға шығаруға түрткі болды",-дейді Грин.

Николас әлі  өмір сүруде

Италиядағы 120-ға жуық орын  олардың  құрметіне "Николас "  есімімен аталады.

Оларға 50 алаң мен көшелер, 27 саябақ, 27 мектеп,  16 ескерткіш кіреді.

 

Аударған: Арафат Дербесұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар