Ұлт мәселесі туралы қатарынан бірнеше реп шығарып, қазақ интернет кеңістігінде танымал болған Жан Ахмадиев кезекті репін шығарды деп хабарлайды Қамшы ақпаратты агенттігі.
«ТеміР ҚатыН (18+)» деп аталатын жаңа реп интернетке жүктелгелі жарты тәулік қана өтсе де, қазірге дейін 15 мыңға жуық қаралып үлгерген. Реп авторы жаңа ролигінде есімсіз қазақ әйеліне деген өкпе-ренішін айтады. Репте:
«Құрт көзіңді, улама сен жасы қыздардың санасын,
Құрттың сенде тартып алдың, біреудің бала-шағасын.
Айтшы маға қазақ жұрты қалай саған қарасын?
Онсыз да сен жұрт көзде малға айналып барасың..."
Баянсыз бақыт,
Көрсетер уақыт,
Таптадың қазақ намысын!» - деп келетін өлең жолдары бар.
Пікір қалдыру