Бокс: Өзбектер өз алаңында қазақтарды ойсырата жеңді!

/uploads/thumbnail/20170710054415359_small.jpg

Ташкентте бокстан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Турнирде қазақстандықтар медалдық есеп бойынша рингті өткізушілердің артында қалып, боксшыларымыз жалпы командалық есеп бойынша екінші орынға ие болды. Алайда чемпионатта қазақстандықтар үш алтын жоспарлаған. Финалға төрт отандасымыз шыққанымен тек үнділік Сумит Сангванмен бокстасқан 2016 олимпиадасының күміс медал иегері Василий Левит (91 килограммға дейінгі) қана үмітті ақтады. Ол 2009 жылы Қытайда және 2015 жылы Тайландта Азия чемпионы атанған.

Жартылай ауыр салмақтағы Ерік Әлжанов сәтсіздікке ұрынып, күміс алды.  Екінші күні алтынға таласқан Жүсіпов Шахрам Гиясовтен, ал Қоңқабаев Баходир Жалоловтен жеңілді. Осылайша өзбектер тоғыз алтынға ие болды. Сонымен медалдық есеп:

1. Өзбекстан - 9 алтын;
2. Қазақстан - 1 алтын, 3 күміс, 4 қола;
3-4. Үндістан - 2 күміс және  2 қола;
Монғолия - 2 күміс және  2 қола
5. Оңтүстік Корея - 2 күміс, 1 қола;
6. Қытай - 1 күміс 2 қола;
7-8. Филиппин  - 2 қола;
Сирия - 2 қола;
9-13. Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Иран, Иордания 1 қола медальден.

Еске салайық, бокстан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр және Германияда өтетін әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі болып есептеледі.

Дайындаған Ақан Бектас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар