Қырым татарларының Ресейдегі саяси тағдыры

/uploads/thumbnail/20170710054442313_small.jpg

Ресейдің империяшыл шовинистік баспасөзі осы тақырыпта бірауздан бір-ақ пікір айтуда: "Крымские татары - не коренной народ. Использование термина "коренной народ" применительно к татарам , проживающим в Крыму недопустимо". Олар бірнеше тарихи уәж келтіреді. Бірінші аргументі: "В этот день впервые пришли татары, в 1223 год арабский автор Ибн-ал-Асир отметил : "Придя к Судаку, татары овладели им, а жители разбрелись, некоторые из них со своими семействами и своим имуществом взобрались на горы, а некоторые отправились в море".Разграбив города, татары "покинули (землю кипчаков)  команов-половцев, занимавших степи полуострова с середины XI века и вернулись на свою землю".

Сонымен, Қырымның иелері, яғни байырғы тұрғындары моңғол-татарлары емес –командар, половцы деп аталған халық. 1236 жылы моңғол-татарлары Таврика даласында тоқтап, жергілікті түркі тектес халықты тағы да қырып жойған. 1239 жылы моңғол-татарлар Судак шахарына келіп , екінші рет тонады. Қарсылық көрсеткендерді (половецтерді) жаппай қырды.Сонымен бұл жойқын қырғындардан кейін бұл өлке бос қалды деген дерек бар. XIII ғасырдың екінші жартысында осы өлкеде болған Гильом де Рубрук бұл деректерді куәлайды. Бірақ қырылған командардың орнына басқа командар келеді. Коман-половецтер түгел қырылмапты.Оларға көрші орналасқан дала түркілері қосылған. Сол этникалық негіз болашақ қырым татарларының негізін құрады.Алтын Орда империясы шеңберінде Қырым ұлысы қалыптасты. XV ғасырда жаппай ұлттық мемлекеттер туа бастайды. Сол кезде Қырым хандығы да пайда болады, бірақ 1478 жылдан бастап бұл мемлекет Түрік империясының қарауына кіретін болады.

Ресейдің әйел патшасы, императрица Екінші Екатерина Орыс-Түрік соғыстарында жеңіске жетіп, сол соғыс нәтижесінде Қырым хандығын Ресей империясының құрамына 1783 жылы кіргізді. Кейін Қырым хандығы жойылып Таврия губерниясы пайда болды. Ресей бұл өлкені тікелей басқаратын болды.Ресей құрамындағы Қырымның түркі халқы –қырым татарлары аталып кетті. Қырымға жаппай орыстар мен украиндер көшіріле берді. Бұл орыстандыру саясатының нәтижесінде қырым татарлары азшылық жағдайында қалды. Отаршылдық саясат Патша үкіметінде өріс алып, Кеңес үкіметінде жалғасты. Отаршылдық қырым татарларының наразылығын тудырды. Екінші Дүниежүзілік соғысы кезінде қырымдық татардың нарызылығын пайдаланып Герман фашистері қырым татарларына «түрлі жақсылық» жасамақ болды. Бірқатар қырым татарлары Герман фашистеріне сенгенге ұқсайды. Бірақ ондайлар көп болмаған сияқты. Германия әскерлерінен Қырым азат етілген тұста Кеңес Үкіметі бүкіл қырым татарларына жала жауып оларды Қазақстан мен Өзбекстанға және басқа өлкелерге депортациялаған. 1946-1947 жылдары қырым татарлары жаппай ашаршылыққа ұшыраған. Сонымен Қырым татарларына ұзақ уақыт атамекенге қайтуға рұқсат берілмеді.Рұқсат берілмесе де олар Қырымға қайтуда қайсарлық көрсетті. Сол күресті Мустафа Джемилев пен Ильми Умеров бастады. Кеңес дәуірінің 1950-1990 жылдарында билікпен қаhарман күрес жүргізген екі ақ халық болды- ол еврей ұлты мен қырым татарлары еді. Еврейлер ата мекені Израильге кету құқығын, ал қырым татарлары –Қырымға қайту талабын қойды. Биліктің қарсылығымен қатар қырым орыстарының шовинизмі қырым татарларының еліне қайтуы мен қоныстануына үлкен кедергі болды. Бірақ бұл күрес татар халқын және олардың жетекшілірін жігерлі екенін көрсетті. Мустафа Джемилев пен Ильми Умеров сан рет тұтқындалды, олар батыс елдерінің басшыларына шағымданды. Түбінде қаhарман күрес нәтиже беріп, қырым татарлары өз елінде жиналды.

Менің қырым татарлық танысым бар. Оның айтуынша қырым татарларының екі бөлігі бар: бірі ескі қала тұрғындары, екіншілері- «дала қырым татарлары». Далалықтар ру -тайпаларға бөлінеді екен.Менің танысымның тайпасы найман екен. Оларда қазақта кең тараған батырлық эпос популярлы екен. Ол маған: сендер, қазақтар біздің ауыр жағдайымызды пайдаланып біздің ұлт эпосты иемеденіп алдыңдар деді, мен онымен ренжіскім келмедім. Мен жаншылған халықтың перзентімен дискуссияға түсу орынсыз деп ойладым.

2014 жылдың 16 наурызында Ресей жалған «референдум» ұйымдастырып, соның шешімімен Қырымды Ресейге күшпен қосып алды.Тағы екі күннен кейін Ресей Украинаның Севастополь қаласын өз құрамына қосып алды. Бірақ әлемдік қауымдастық мемлекеттері бұл аннексияларды мойындаған жоқ.

Бұл озбырлықты Украина да төзген жоқ. Украина Ресейге қарсы халықарылық құқық бұзушы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына Ресейді халық аралық сотқа берді. Сонда Ресейге екі айып тағылды: Украина территориясын аннексиялау және Шығыс Украинада террористік топтарды қолдау. Батыс елдері - АҚШ пен Европалық Одақ және олардың одақтастары Ресейге санкциялар салды. Соның ішінде Ресеймен саудалық, экономиалық қатынастарды шектеу. Сол сияқты технологиялық жетістіктерді алмасу қатынастарды доғарып, технологиялық жаңалықтарды Ресейге сатпау және банктер арқылы Ресейге несие бермеуге уағдаласты.Беделді ағылшын газеті «Telegraph» былай деп жазды: Ресейдің Қырымды аннексия жасағаны, шығыс Украинаға өз әскерін кіргізгені және бейбіт авиалайнер MH17 сепаратистер қолынан күйреуі -, бәрі де Ресейдің ісі делінген. [4]Арабтардың демократиялық бағытта ғы газеті «Аль –Жазира» Қырым мәселесі туралы былай дейді: Ресей мен Батыс қауымдастығы арасында қырғи қабақ соғыс басталды,Екінші Дүние жүзілік соғыстан кейінгі ең ірі Европадағы саяси қақтығыс- ол Қырым аннексиясы дейді.

Ресейде соңғы жеті жылда экономикалық стагнация – тоқырау жағдайы байқалады. Экономикалық жағдайлардың төмендеуі Ресейде халқының тұрмыс дәрежесінің де құлдырауын көрсетеді. Халықтың тұрмысының нашарлауы саяси талап көтерген көше шерулерінің жиілегенін байқатады.

Қырым татарлары Ресей Қырымды аннексиялаудан бастартуға мәжбүр болады. Бұл жағдайда Қырым Украина құрамына тек автономия ретінде кіріп қоймай, дербес саясаты бар республика болып кіреді. Ұзақ жылдар көрген репрессиялар мен ашық ұлттық және саяси қанау егемен елдікте болмайды.Ал сеператистік әрекеттерге қатысты Қырым тұрғындары және коллаборанттар қылмыстық істеріне сәйкес айыпталып сотталады.

Әзімбай ҒАЛИ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар