Ресми қорытынды: Макрон 66% дауыспен Франция президенті болды

/uploads/thumbnail/20170710054515148_small.jpg

Франциядағы президент сайлауы өз мәресіне жетті деп  хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Бүгін біз жеңдік, Франция жеңді. Бәрі бізге мұның мүмкін емес екенін айтқан. Олар Францияны білмейді ғой», - деді Макрон Лувра Луврада халық алдына шығып сөйлеген сөзінде.

99,9% пайыз дауыстың нәтижесі бойынша кандидат-центрист Эммануэль Макрон 66,06% дауысқа ие болған, ал оның қарсыласы Марин Ле Пен – Макроннан екі есе аз 33,94% дауысқа ие болған.

Алайда бос және бюллетендер мен дауыс бермеген сайлаушылар саны да аз емес. Францияның Ішкі Істер министрлігі Макронның жеңімпаздығын ресми түрде таныған.

39 жастағы Макрон елдің билікке келген ең жас президенті болып отыр.

Дайындаған Ақан Бектас

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар