Голливудтық фильмнің саундтрегінде «Аманат» әні орындалды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710054525554_small.jpg

Жақсы әнші әннің бағын ашса, жақсы ән де әншіге жол ашары сөзсіз. Бұл ақиқат. Бір әнмен ғана танылған әншілер көп.

Ибрагим Ескендірдің есімі қазір көпке танымал. Әнші ретінде оны халыққа танытқан Алмас Ахметбекұлының сөзіне жазылған Ермұрат Зейіпханұлының «Көк тудың желбірегені» атты әні. Көп жыл бұрын жазылып бірнеше орындаушысы болса да осы әннің бағын ашқан Ибрагим бауырымыз болды. Қазақы әуен қосылған ән әсіресе 2016 Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада кезінде еліміздің спортшы оғландары жеңіс тұғырынан көтерілген сәттерінде «Қазақстан», «Хабар» секілді телеарналардың эфирінен түскен жоқ. Көптеген спорттық  және басқа шаралар кезінде әлі де орындалып келеді. Халық та тез қабылдады. Патриоттық сезімді оятып-ақ тастайды.

Өз басым И.Ескендір орындаған әндерді сүйіп тыңдаймын. Соның бірі «Аманат» әні. Оған түсірген бейнебаян да сәтті шықты.

Тұяғы тозған тұлпардың,

Қанаты талған сұңқардың,

Атадан қалған киелі бұл жер

Аманат бізге, аманат!- деп келетін қайырмасымен қосылып осы әнге өзің де ілесіп ыңылдап отырғаныңды білмей қаласың.

Жақында әйгілі Америкалық актер Сильвестр Сталлонның режиссерлігімен өзі басты рөлде ойнаған «Рэмбо 4» фильмін тамашалап отырған болатынмын. Фильмнің 5 минутынан кейін ойналып жатқан музыканы тыңдаған кезде өз құлағыма өзім сенбедім. «Аманат» әнінің басталу шағындағы әуен орындалып жатыр (музыка тілінде саундтрект деп айтылады екен). Тұп-тура 1 минут 15 секунт. Тек «Аманатқа» қарағанда сәл баяу. Ал біздің  Ескендір оны өз дауысымен орындап тұр.

«Рэмбо 4» фильміндегі саундтректің авторы Brian Tylеr. Саундтрект «Theme Rambo» деп аталады.  Ол танымал Америкалық композитор және дрижёр. Көптеген фильмдерге саундтрек жазған деген дерек ғаламторда тұр.

 

«Рэмбо 4» 2008 жылы түсірілген. Ал И.Ескендірдің «Аманаты» дәл қашан жазылғанын білмеймін. «Көрмейін десем көзім бар...» демекші біздікі тек естіген құлақ. Жазық жоқ. Ал шындығын тек Ибрагим бауырымыз айтпаса...

 

А.Манапов

,

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар