Семейлік сарбаздар «Вена балында» өнер көрсетті

/uploads/thumbnail/20170710054541211_small.jpg

Семейде де Отан қорғаушылар күні айтулы шаралармен айшықталды.

Қаладағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жастарға ерлік дастандары оқылды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп.

 Дәстүрлі «Вена балы» би мерекесінде 70-ке жуық жұп өз өнерін паш етті.  Негізінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскерилері мен студент жастар қатысып, вальстің 10-нан астам түрін биледі. Биыл 6-рет өткен дәстүрлі  кешке әскерилер бірнеше апта дайындалыпты.

Маржан Байғазинова, колледж студенті: - Бидің төресі вальс қой, сол себептен әрбір жас вальс билеуі тиіс. Бұл тәрбиелеліктің бір түрі деп есептеймін. Еліміз аман, аспанымыз ашық, жұртымыз татулықта өмір сүре берсін!

Еркебұлан Қанатов, колледж студенті: - Бір жылдың ішінде 3 рет қатыстық. Дайындық жақсы болды. Себебі билеп жүргеніміз бірінші рет емес. Мәдениеттілікке, этикетке, бәріне үйрететін би болып табылады. 

Құмар Құсманов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының аға сержанты:  - Әскери адам тек қана қолына қару алып, қатып қалған тәртіпке бағыну емес, сонымен бірге өнерден де кенде емес. Біз қарулы күштердің әрбір жауынгері, азаматтары Елбасының қойылған талаптарын мүлтіксіз орындауға дайынбыз. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығы құтты болсын! Қазақстан, тек ғана алға дегім келеді!
 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар