Арқалықта жас жұбайлар өз-өздеріне қол жұмсаған

/uploads/thumbnail/20170710054552180_small.jpeg

Арқалықта жас жұбайлар өз-өздеріне қол жұмсаған.  Әйелі мен күйеуінің мәйіті  гараж ішінен табылды. Жас жұбайлар өз үйлерінде асылып қалған , деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі top-news.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жағдай  30 сәуір күні орын алған. Мұстафа мен Индира есімді жас жұбайлар Торғайдағы бір колледже  «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша үшінші курста білім алып жүрген.

Білім алған оқу орнының қызметкерлерінің айтуы бойынша, екеуі де белсенді студент болған. Көптеген мақтау қағаздарымен марапатталған.

«Индира- волейболшы, ал Мұстафа-футболшы. 29 сәуір күні колледж қабырғасында облыстық семинар өтті. Екеуі де белсенді ат салысты. Біз әлі күнге дейін сене алар емеспіз. Полиция қызметкерлері істің мән-жайын анықтауда, бірақ нақты деректер әлі  табылмады» деді колледждің директоры Сандуғаш Алматова.

Аударған: Айгерім ТАУБАЙ

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар