Пентагон Азиядағы үстемдігін күшейту мақсатында 8 млрд. доллар шығындауға дайын

/uploads/thumbnail/20170710054730166_small.jpg

Алдағы 5 жылдықта, Пентагон 8 млрд. долларға жуық қаржыны инвестиция ретінде  бөліп, АҚШ-тың Азия-Тынық мұхиты аймағындағы үстемдігін арттырмақ жоспарын бекітті  деп  хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі The Wall Street Journal- ға сілтеме жасап.

Әскерилер инфраструктураны жаңғыртумен қатар,  басқада қосымша күштерді және кемемен өзгеде әскери техникаларды әкелуге ниетті.  Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы хабарлаған  болатын.

Бұл  бастама  Құрама Штаттардың Корей түбегіндегі  ушыққан жағдайды шешуге мүмкіндік  беретін үлкен күшке айналмақ. Ал  бағдарламаны жүзеге асыру үшін АҚШ  әскерилеріне  ақшаның қалай бөлінетіндігі белгісіз.

Тағы бір үлкен мәселе,  Вашингтонның  Азия-Тынық мұхитындағы  қимылдары  Аспан  асты  еліне қарсы  бағытталмағандығы  жөніндегі  Пекиннің  сеніміне  қол  жеткізу  болып  тұр.

Дайындаған: Арафат Дербесұлы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар