50 жыл байлауда болған пілдің жағдайы құтқарушыларды таңқалдырды

/uploads/thumbnail/20170710054722197_small.jpg

50 жыл байлауда болған піл құтқарушылар келгенде жылап жіберді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Раджу есімді піл жарты ғасыр бойы  Үндістан жерін мекен етуде. Өзінің Үндістан жеріндегі өмірінде саяхатшылардың беретін дәмдермен қоректеніп отырған. Кейде Раджудың пластикалық ыдыстар жегені, кейде қағазбен қоректенгені мәлім болып отыр.  Мұның бәрі асқазан бос тұрмас үшін жасалған әрекет.

Жергілікті еріктілер пілдің қайғыға толы өмірі жайлы естіген. Құтқару жұмыстарына кірісіп, соңында алып жануарға бостандық алып берген.

Еріктілер пілді шынжырдан босатқан сәтте алып жануардың көзіне жас келген.
Расында да, естіген адамға өтірік болып көрінуі мүмкін, бірақ жануардың көзіне жас келгені рас дейді құтқарушылар.

Раджуды құтқарған ұйым өкілдері өздерінің көргендеріне сенбей қалғаны да жасырмады. Алып жануардың бетінен аққан жас тамшылары барлығын таң қалдырды. Жануар да өзі көрген қиындықтың артта қалғанын сезген болу керек.

Пілдің ми құрылысы біршама жетілген. Әсіресе өзінің эмоциясын жақсы көрсете біледі.

Өкінішке орай, пілдің бостандықта өмір сүруі оңай емес. Волонтерлер жануарға арнап жаңа баспана мен аспен қамтмасыз ету үшін қаражат жинап жатыр. 

 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар