Жігіттері өмірін ойран қылған әйелдердің ауыр тағдыры

/uploads/thumbnail/20170710054934480_small.jpg

Ғаламшардағы адамдардың көпшілігі қолданатын бұл әдіс біраз адамның өмірін ойрандады.  Зиянды химиялық қышқылмен шабуыл жасау бүгінгі күнде кең қолданысқа ие, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.  Мұндай шабуыл салдарынан  адамның бет, дене бөліктерінде сол қайғылы оқиғаның ізі мәңгілікке қалып қойып жатады.

  1. Кэти Пайпер

2008 жылы атақты сәнбике Кэти Пайперге күкірт қышқылымен шабуыл жасалған болатын. Алыстағы өзге біреу емес өзінің 35 жастағы Дэнни Линч есімді жігітінің әрекеті салдарынан көрікті қыздың көз тартар келбетінің біраз бөлігін күйік шалады. Күйік үшінші дәрежелі болып, жас қыздың қас, сол құлағының жартысы, мұрнының біраз бөлігі күйіп кетеді. Көз тұсы, тіл және өңеш, қол мен мойын тұстары зиян шегеді.  Кэти сол күні ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлердің айтуы бойынша, олар бұрын соңды мұндай ауыр жарақатты кезіктірмеген.  Соңғы үш жылда Кэти ішкі ағзаларына 80-ге тарта ота жасатқан. Оның бәрі тек қана қалыпты тамақтану үшін екені мәлім болып отыр.  Пластикалық ота жасаушылар қолдан келмес іске ұмтылып, сәнбикенің бет-бейнесін қалпына келтіру үшін бірнеше күрделі ота жасаған. Бүгінде Кэтидің сұлулығы өзіне оралған. Ал бұрынғы ғашығы болса британияның бір түрмесінде өмір бойына сотталып, қамауда отыр.

 Джессика Натаро

Италиялық сәнбике және «Мисс Италия  - 2007» байқауының ақтық мәресінде бақ сынаған Джессика Натаронды  зиянды қышқылмен бұрынғы сүйіктісі күйдірген. Джессика кездесіп жүрген жігітімен болашағының жоқ екенін сезіп, ара қатынасын үзбек болған. Жігітінің мұндай қатігезікке баратынын ойламағаны анық.  Орын алған қайғылы жағдайдың нәтижесінде Джессиканың бетін күйік шалып, көз және денесі зақымданған.  Бүгінде бойжеткен ауруын басатын дәрі-дәрмек  үшін ай сайын 800 евро жұмсап отыр.  Пастикалық отаны тек бір жылдан соң ғана жасауға болады деген деректер де бар.  Жақын арада Джессика  бір телебағдарламаның қонағы болып, бірінші рет өзінің бетпердесін шешті.  Өзінің бұрынғы қатігез жігітіне арнап : «Маған не істегеніңді қара. Бұл махаббат емес» деп айтқан болатын. Соған қарағанда шабуыл жасаған жігіт бостандықта болуы керек.

 Дана Вулин

2012 жылы австралиялық  Дана Вулин өзінің бір танысының қызғаншақ әйелінің шабуылына тап болады. Дана Вулинді күйеуіне қастандық жасадыға балаған. Қызғаныштың салдарынан Дана Вулинге этиль спиртін құйып, өртеп жіберген.  Қайғылы жағдайдың нәтижесінде Дананы  үшінші дәрежелі күйік шалған. Біраз уақыт комада жатқаны белгілі болып отыр. Австралия тұрғынының айтуы бойынша, ол екі жыл бойы арнайы бетпердемен жүрген. Айнаның жанынан өтуге жүрексінген.  Оның басты себебі, жүзіме адам қарайтындай болмағандықтан дейді.

 Элеонора Кондратюк

Ресей тұрғыны Элеонора Кондратюк «Краса Сочи» және «Мисс очарование» байқауларының жеңімпазы.  Элеонора Кондратюк  1999 жылы бір жігіттің бетін қайтарған.  Бірнеше жыл өткен соң сол жігіт Элеонораның соңына  қайта түседі. Үйіне қайтып келе жатқан тұста, артынан жасырынып келіп күкірт қышқылымен күйдірген. Қышқыл қыздың көз, тыныш жолдарын, бет терісін және мойын мен арқа тұстарын күйдірген.  Ауыр халде ауруханаға жеткізілген Элеонора 300-ден астам отаны өткереді.  Жасалған қаншама отаның әсері болмаған.  Бүгінде бұрынғы сәнбике өзі сияқты күйіктен зиян шеккен ортада жиі көрінуде.

Лаксми Саа

Үнді қызы Лаксми Саа ұсынысын қабыл алмаған жігіттің шабуылына тап болады. Өкпе-ренішке толы ғашық жігіт Лаксмидің жүрек тұсын зиянды қышқылмен күйдіреді. Ол кезде Лаксмидің жасы небәрі 15-те болатын.  Күйік шалғанына қарамастан сән әлемінде өз бағын сынап, құқығын қорғай білген.  Сұлулығына сызат салынғанына қарамастан,  биыл Лаксми Viva N Diva маркалы киім көрсетілімінің басты бейнесі атанды.

 Решма Кушера

Решма Кушера- 18 жасында қышқылдан  жапа шеккен Үнді қызы. Өзінің туған ағасының іс-әрекетінің құрбаны болған. Решма күйіктен ауыр жарақат алып, көзінен айырылған. Соған қарамастан түрлі видеоларды әлеуметтік желілерге жүктеуде. Шабуылға тап болған құрбандар мүгедек болып қалмайды, олардың да өмірмен күресуге қақысы бар дейді , Решма.  Бүгінде түрлі сән көрсетілімдеріне қатысып, Үндістандағы құрбандарға деген көзқарасты өзгерткісі келетінін мәлімдеді.

Ширин Мохомади

Ширин Мохамади күйеу жігітінің шабуылына ұшыраған кезде 18 жаста болған. Жас бойжеткен қышқыл салдарынан оң көзі мен құлағынан айырылған. Ауыз бөлігі зақымданып, денесінің біраз бөлігін күйік шалған. Бүгінде Ширин бірнеше күрделі отаның басынан өткерген. Десек те, бұрынғы қалпына келе қойған жоқ.

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар