Аустралияда саясаткер парламентте отырып бала емізді

/uploads/thumbnail/20170710055912926_small.jpg

Сейсенбі  күні,  жасылдар  партиясының  мүшесі   өзінің  екі  айлық  қызы  Алия  Джойды     парламентте  емізіп отырды  деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.

Өткен жылы Аустралия парламенті бала емізуге рұқсат берген болатын. Сонымен Уотерсқа дейін ешкім бұл құқығын пайдаланып көрмеген.

Осыған дейін балаларды жиналыс залына кіргізуге тыйым салған.

Алайда ресми бала емізу рұқсаты 2015 жылы министр  Кейли О’Дваер  қызметін тоқтаусыз атқаруы үшін  берілген болатын.  

«Бізге парламентте әйел адамдар мен көптеген ата-аналар қажет. Және отбасыға ыңғайлы  жұмыс орындарын ашуға тиіспіз»,-деп жазады Уолтерс өзінің «Фейсбук» парақшасында.

Дайындаған: Арафат Дербесұлы

Қатысты Мақалалар