Трамп ФТБ директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты

    Aigerim Taubay
    Трамп ФТБ директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты

    АҚШ Президенті Дональд Трамп ФТБ  директоры Джеймс Комиді қызметінен босатты. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    АҚШ Президенті бұл шешімге Әділет министрінің орынбасары Рода Розенштейн мен АҚШ-тың Бас прокуроры Джеффа Сешнстің ұсынысы бойынша келген.

    "ФТБ  халқымыздың ең құрметті орындарының бірі болып табылады. Бүгінгі өзгеріс Мемлекеттің құқық қорғау органы үшін жаңа бастама болары анық", деді Трамп.

    Дайындаған: Айгерім Таубай

    Қатысты Мақалалар