Миссисипи Университетінің аумағында жеті мың адамның сүйегі табылды

/uploads/thumbnail/20170710055855160_small.jpg

 Адамдардың сүйегі 8 гектар жерді алып отыр деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі bbc-ге сілтеме жасап. 

XIX – XX ғасырда ол жерде психиатриялық аурухана болған. Дәл сол жерде қайтыс болған емделушілерді көмген.

Психиатриялық аурухана Миссисипи штатындағы алғашқы аурухана. Ол 1855 жылы ашылған. 1935 жылға дейін жұмыс істеген.

Арнайы мамандандырылған клиника ашылмас бұрын психикалық ауруға шалдыққандарды түрмеде немесе жертөледе шынжырмен байлап ұстаған.

Мұрағатта сақталған құжаттарға сәйкес, 1855 жыл мен 1877 жыл аралығында 1376 адам аталмыш ауруханада емделген.

АҚШ-тағы азаматтық соғыстан кейін психикалық ауруға шалдыққандардың саны күрт артқан.

Аударған: Әсем ӘЛМҰХАНБЕТ

 

Қатысты Мақалалар