Бесланда болған жарылыс кезінде кішкентай қызды терезеден лақтырып жіберді және бірнеше минуттан соң ғажайып оқиға орын алды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі .
Оқиға 2004 жылы Бесландағы мектепте болған. 3 қыркүйек күні террористер балаларды спорт залында ұстап отырған. Жарылыс болған кезде кішкентай қызды терезеден лақтырып жіберді. Сол кезде журналист Дмитрий Беляков қасындағы ғимараттың бірінде тұрған болатын.
«Жарылыстан кейін бір қыз кенеттен пайды болды, қызды жарылыс кезінде терезеден лақтырған екен. Оның тірі екенін көргенімде қуанышым қойныма сыймады», деп Дмитрий оқиғаны есіне алды.

Кішкентай қыз терезеге қарай бара жатты. Біз бар дауысымызбен айқайлап едік, қыз естімеді. Сәлден соң тағы жарылыс болды. Дмитрий қызды таба алмай, не тірі, не өлі екенін білмей қалды.
Сол оқиғадан кейін Дмитрий қызды тауып алған. Қыздың есімі Аида Сидакова, жасы небәрі 7 жаста еді. Оқиғадан кейін Дмитрий кішкентай қызға көмектесіп, Аиданың отбасымен жақын араласып тұрды .
Бірнеше жылдар өтті. Аида жарылыс болған мектепті аяқтап, студент атанды. Сұлу, әдемі бойжеткен болып есейіп келеді


Журналист Дмитрий Беляков оқиғаны жиі есіне алып отырады және мұндай оқиға енді орын алмаса екен деп тілейді.
Шолушы: Мұхтархан Ақнұр