Қатерлі ісік ауруына шалдыққан қыздың ғажайып оқиғасы

/uploads/thumbnail/20170710060010880_small.jpg

Үміт пен күдік араласқан сезім... Тағдырдың пешенеге жазғанына көнбеске амалы жоқ. Неге? Неге миллиардтаған пенделердің арасынан осындай аурумен сыналған екенмін деген сұрақ та жоқ емес. Солай іштей сөйлейді де өз-өзін қайта тежейді. Көздері терезеге үңілуден шаршамайтын қу сүйектей арықша келген мұңды қыз сол бұрынғы орнында отыр. Көзіндегі жалындаған от күннен-күнге сөніп, тағдырдан әлсіз екендігін мойындағандай. Бет-әлпеті бозарып кеткенімен оның бұрынғы сұлу бейнесін жасыра алмады. Ботагөз бұл түрмеден бетер болған төрт қабырғаның ішінде жатқанына бір айдың  көлеміндей болып қалды. Ол қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Бұл аурудың қатерлісі сол  адам өзін-өзі іштей өлімге дайындайды. Армандаған мамандығын аяқтауға аз қалғанда осындай ауруға шалдығам деп мүлдем ойламап еді. Дәрігердің тексерілунен өткен кезде ауруының алғашқы сөзін естісімен-ақ жынданып кеткендей күйде болды. Сене аламады, «жоқ» деген сөзден басқа ештеңе айта алмады. Содан бері міне бүгінге дейін мүлдем ауызын ашпайды. Отбасы қарапайым азын-аулақ ақшамен күн көріп отырған ауыл адамдары. Бейбақ анасының күндіз тұра салысымен тілейтін бір ғана тілегі осы жалғыз құлыншағының амандығы. Ал, өмір сынағынан шаршаған асқар тауы таң атар-атпастан үйден шығып түннің ортасында бір келеді. Оның да бар жұмысы жалғыз қарашығының ауруын емдеуге қаражат  табу. Үнемі күткен үміті ақталмағанмен бір жақсылықтың болатынына сенеді.

Ботагөз барлығынан үміт үзгенімен кейде өз қиялын шынайы өмірмен де шатастырып алады. Үнемі не терезеге телміреді де отырады немесе төсекте өзгелерге білдіртпей жылайды. Күндерді де, айларды да шатастыра бастады. Бүгін таңертең шашының уыстап түсіп жатқанын көргенде одан сайын өмірден түңіліп кетті. Дәрігерлер әлі мүмкіндік бар дегенімен Ботагөз оған сене алмайды. Себебі, бұл аурудың  еміне керек қаражат оның өңі тұрмақ түсіне де енген емес. Сондықтан оған өзінің өлер сәтін күтіп жатудан басқа амалы жоқ

Бүгінгі күнге дейін ауа-райы Ботагөзбен сырласып тұрғандай күңіреніп тұратын еді. Ботагөз де соған үйреніп қалғандай көрінетін.  Ал, бүгін бір ерекше күн шуағын шашып тұр. Ботагөз оны байқағанымен аса қатты мән бермеді. Өзінің шашының саны талдап санарлықтай қалғандықтан анасының қызыл,  ескі орамалын тағып алды. Қызыл түс Ботагөзге ерекше жарасып тұрды. Ал, көзінде бұрынғыдан да терең мұң жатыр. Оның тереңдігі күннен-күнге арта түскендей.

Осы ереше нұрланған күні Ботагөздің қасына Балауса деген сүйкімді, ерекше қыз келді. Ол да осы дертке шалдыққан екен. Бірақ, оған қарасаң олай деп айта алмайсың. Көзінде жалындаған от бар. Ол өмірге деген құштарлығы болса керек. Ата-анасы дәрігермен сөйлесуге кеткен кезде, Балауса Ботагөзбен таныспақшы болып қасына барды.  Бірақ Ботагөз онымен сөйлеспеді. Ботагөзден көңілі қалғандай көрінгенмен, ол барлығын түсінетін. Ата-анасы келгенде олармен әзілдесіп, күліп әңгімелесті. Сырттай қарағанда ауруға шалдыққан адам демессің. Тек шашының жоқ болғанынан, өңінің кеткені мен сүйегінің сыртқа дейін көрініп тұратындығынан ауруға ұшырағанын байқайсың. Ботагөз жаңа келген қызға назар аударғысы кемегенімен, таңырқап, таңқалып отырды. Мен секілді ауру... Бірақ... Не үшін қуанышты, қалай ғана ештеңе болмағандай күліп отыр. Ата-анасы біраз отырып қыздарымен қимай қош айтысты. Ал, Балауса оларды қатты жақсы көретінін айтты да, көзіндегі жасын оларға көрсетпей сүрте салып, қайта күлді.  Балауса ата-анасы кеткен соң Ботагөзбен тағы да сөйлесуге оқталды. Ботагөз сөйлескісі келмегенімен, Балаусадағы белгісіз бір күш оның сөйлеспесіне қоймады. Ботагөз бір кезде Балаусаға сұрақ қойды:

― Сен қалайша күліп  жүрсің? Осы ауруға шалдыққалы күлуді ұмытып, күлгендерге қызығып қарап жүрмін. Ал сен..., ― дей бері еді тағы да Балаусаның сыңғыр күлкісі құлаққа естілді.

―Міне, есіңе мен салайын осылай күлесің деп тағы да күле жөнелді. Балауса еріксіз жымиды.

―Онсыз да өмірге бір-ақ рет келеміз ал оны мұңайып, жылап өткізетін болсақ не болғаны?! ,― деп сөзін салмақты жалғады.

―Бірақ біздің жақында өлетініміз белгілі ғой. Осыны біле тұра қалай ғана қуануға болады.

― Оны сен қайдан білесің? Өмір деген ғажайыптан тұрады ал,  ғажайыпқа сену керек. ― деп Балауса Ботагөзге бір ой салды. Осылай олар бір-бірімен жақын араласа бастады. Қызықты оқиғаларын айтты, ойын ойнады, біраз көңіл көтерді. Ендігі көңілді күндер өте берді. Сол бір күндері ауылдан Ботагөздің ата-анасы келді. Ал, Ботагөз олармен суық амандасты. Бейшара ата-ана қыздарын сағынып құшағына басқысы келіп еді ол армандары орындалмады. Өз қыздарын өздері танымай әлі де таңырқап отыр. Бұл аурудың кесірі шығар деп өз-өздерін жұбатты. Ашылып сөйлесе алмағасын ертең келерміз деп кетті. Болған жағдайды басынан бастап бақылап отырған Балауса Ботагөзден себебін білмек болды.

―Неге олай жасадың?,―деп таңдана сұрады ол.

―Қалай неге? Олардың жалғыз қыздарымын ал олардың қолдарынан ештеңе келмей жатыр. Жақсы оны айтпай-ақ қойдым, осында жатқаныма бір айдың көлемінен асты , олар болса енді келіп жағдай сұрап отыр,― деп ашулана жауап берді.

― Сенің денің дұрыс па? Қалай ғана байқамадың олардың қиналып жүргенін? Қалай ғана олардың ішке кірмей жатып көздеріндегі жасты әрең тоқтатқанын сезбедің? Сенің сонда оларға жаның ашымай ма? Сені ойлап қайғырып жүрген жүректеріне одан сайын ауыр соққы жасағаның қалай?!

Үнсіздік орнады... Ботагөз ештеңе демеді. Жарықты өшіріп төсегіне жата кетті. Бірақ ұйықтамады. Ботагөз ондай тасжүрек емес етін. Ол барлығын түсінетін. Ата-анасын қатты жақсы көретін, тек кейде тоқшылықта өмір сүрмегеніне ата анасын кінәлап отыратын. Оның дұрыс емес екенін сезетін. Бірақ дәл бүгін толық түсінді. Түнімен көзінен еріксіз, өз-өзін кінәлау жасы жастықты су қылды...

Таңертең Ботагөз ерекше көңіл-күймен оянды. Балаусаны тұра салысымен құшақтап, алғысын білдірді. Балауса да болған оқиғаға риза. Таңғы астарын ішіп болғасын Ботагөз анасына қоңырау шалып, тез келулерін өтінді. Олар келгенге дейін екі ерке қыз бөлмелерін жинай бастады.Ата-анасы келе сала олардың ыстық құшағына жүгірді. Олардан кешірім сұрап, тағы да құшақтай берді. Байғұс ата-ана бес жылға жасарғандай болды. Барлығы дастархан басына отырып әңгімеге кірісті. Біраз уақыттың қалай зулап өте шыққанын байқамай, ата-ана ауылдарына қайтатын болды. Кетер уақытында ұзақ қоштасып, құшақтасты. Ботагөз Балаусаға тағы да шексіз алғысын жаудырып жатты.

Осылай көптеген армандаулармен уақыт өтіп жатты. Біраз күндер өткен соң Балаусаның жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер оның иммунитетінің күрт нашарлауымен байланыстырды. Өмір сүру мүмкіндігі өте аз еді. Екі апта көлемінде ота жасалмаса ешқандай мүмкіндік болмайтындығын ескертті. Ботагөз туғанындай болып кеткен Балаусаны өлімге қимады. Қолынан келетіннің бәрін жасар еді, бірақ өзі де осындай күнге жетеріне сенімді еді. Бар қолынан келетіні Балаусаның көңілін көтеру. Балаусаның отбасы бар мүмкіндігін салып ақша іздеуде. Олар да жалғыз қыздары үшін тау қопаруға бар. Өмірдің қатал сынағы олардың да жүрегін ауыртып, беттеріне әжім қалдырды. Он төрт күн... Үлгерсе өмір сүреді, үлгермесе өлім дәмін татады.   Алғашқы жеті күн ақшаның уштен бір бөлігі ьтабылды. Балауса ешқашан үмітін үзген емес, үзбейді де....

Оныншы күн үміт отын әлі де өшіре алмады. Тіпті он төртінші күн де өшірмейді. Балауса ғажайыпқа сенуін тоқтатпайды. Себебі, ол өмірді сүйеді...

Он бірінші күні ауруханаға Балаусаның сыныптастары келді. Барлығы жазылып кетуін тілеп, біраз мектеп кездегі оқиғаларды еске түсірді. Балауса бұл күнді де есте қалатын күндер қатарына қосылатынына қуанды.

Он екінші күн... Екі-ақ  күн қалды. Не өмір сүреді, не өмірден өтетін уақытын күтеді. Балаусаның өңі сұрлана түсті. Ерні жарылып, көкпеңбек болып тұр.Бірақ сол баяғы сыңғырлаған өзгермейтін күлкі. Ботагөз екеуі күндерін тиімді өткізуге тырысады. Бірде оқыған кітаптарының мазмұнын айтса, бірде көрген фильмдерін айтады.

Он үшінші күн... Бұл күні Балаусаның ата-анасы Балаусаның көзінше көз жастарын ұстай алмады. Қыздарын құшақтап,сүйіп, кешірім сұрады. Өздерінің сондай дәрменсіз екенін айтып ақталды. Балауса болса өз-өзін ұстап, олардың кінәлі емес екендігін айтып жұбатуға тырысты.

Он төртінші күн... Үміт пен күдіктің айқасқан уақыты осы күн болды. Кенеттен Балаусаның ата-анасы отаға қажетті соңғы ақшаны тапты.  Ал, Балаусаның жағдайы қыл үстінде тұр еді. Дәрігерлер тездетіп тексерістен өткізіп күтпеген жағдайды жеткізді. Бұл үміттің отын сумен өшірді. «Мұмкіндік жоқ» деген сөз ата-ананың да, Балаусаның да төбесінен жай түсіргендей болды. Балауса не жыларын, не күлерін білмеді. Ата –анасының жағдайын айтуға ауыз бармайды. Жалғыз қызынан айрылу кімге оңай тисін?! Бірақ бір қуанарлығы бірнеше күн уақыты бар. Балауса асқар тауы мен қайнар бұлағы үшін есін тез жиюға тырысты. Сосын ол ата-анасы мен Ботагөзді шақырып бір маңызды әңгіменің басын бастады.

― «Бұйырмаған» дейді екен мұндайда,― деп еріксіз жымиды. Менің үмітім алдағанымен, өзгелердің армандарын шынайылыққа алмастыра білу қажет. Мен сіздерге ризамын. Осы уақытқа дейін қолдағандарыңызға мың да бір алғыс. Анашым,әкешім сіздерге айтар соңғы өтінішім бар. Маған сыйлай алмаған өмірді Ботагөзге сыйлаңыздар. Ботагөз саған да айтар өтінішім бар. Менің ата-анамды өз ата-анаңдай көріп, мені жоқтатпауыңды сұраймын.  Мен саған ескерттім ғой, өмір деген ғажайып тосын сыйлардан тұрады,― деп бәз баяғы қалпынша күлді. Соңғы сөздерінде дауысы қарлығып әрең сөйлеп, терең тыныс алды.

―Біз сені мақтан тұтамыз. Біздің де тағдырға көнбеске шарамыз барма?!―деп әкесі қызын қатты құшақтай жөнелді. Ал, анасы әлі есін жия алар емес. Қызын ештеңе де қимайды.

― Мен... Бірақ...Мүмкін емес... ― деп Ботагөз естігеніне әлі де сен алмай тұр. Сен маған туғанымдай болып кеттің ғой. Мен саған өмір бойы қарыздармын,― басқа сөз айта алмады.

Келесі күні дәрігерлерлер Ботагөзді тексеруден өткізді. Ботагөз тексеріске бармас бұрын басқа бөлмеге көшірілген Балаусаға барып алғысын жаулырды. Балауса өз тілегін айтып қала берді. Тексерістен өткеннен кейін барлық оқиғаны ауылдағыларға айтып берді.Ата-анасы түске таман жолға шықты.Олар да не күлерін, не жыларын юңлмейді. Себебі, Балаусаны туған қыздарындай көретін. Ал, Балауса болса өз ісіне риза,бірақ күннен-күнге солып бара жатыр. Тексерістің қорытындысы көңіл қуантарлықтай болды.  Отадан кейін өмір сүру мүмкіндігі жоғары.Ертең ота жасалатын болды. Алайда Ботагөз Балаусаның өмірін тартып алғандай күй кешті. Бірақ өз-өзін Балаусаның сөздерімен жұбатты. Өмірде барлығы болады дегенге енді сенгендей...

Келесі күні Ботагөзі ота жасалатын бөлмеге апармас бұрын өзіне өмірін сыйлай білген жанға кірді. Алғыстан басқа ештеңе айта алмады. Екі тағдыр иесінің ата-анасы Ботагөзге тілегін айтып, құшақтап шығарып тастады. Ота төрт сағат уақытты алды. Төрт сағат сыртта күтушілерге төрт ғасырға тең келгендей болды. Ота аяқталардың алдын Балаусаның жағдайы күрт нашарлай бастады. Оның өміріндегі соңғы минуттары болатынын кім білген?!  Басқа амал бар ма?! Ботагөз өмір сүретін кезде, ота аяқталған соң, Балаусаның жүрегі тоқтады. Ата-аналар не істерін білмеді.  Жыламады да, күлмеді де... Тағдырға бойұсынғандай болды. Біреуге өмір сыйланды, біреуі өмірден озды.Бір үміт, бір күдік. Қайсысы жеңгені де түсініксіз болды. 

Авторы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар