60 жыл бойы жуынбаған қария туралы фильм түсіруге болады

/uploads/thumbnail/20170710060123334_small.png

Бұл 80 жастағы ирандық қарияның есімі Аму Хаджи. Ол 20 жасынан бастап жуынбаған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Оның себебі де белгісіз.  20 жасына дейін үстіне әтір сеуіп, таза жүруді ұнатқан. Алайда белгісіз себептермен жуынбай жүруді әдетке айналдырған. Ол ешқандай психикалық ауруға шалдықпаған екен. Сонымен бірге осы 60 жылдың ішінде ешқандай медициналық көмекке жүгінбеген. Ол өзінің осы өміріне қанағаттанады екен. Ешкімге тәуелді емес, өмірде ешқандай мақсаты жоқ. Оған осы ыңғайлы. Ол қиналған кезде тезірек ұйықтап қалады екен. 

Оның денесі мен бет-әлпеті құбыжыққа ұқсап қалған. Терісі де аам шошырлық күйге енген. Ирандық қарияның мұсылман болуы да өзгелерді таңқалдырып отыр.

Сонымен бірге ол өз қолымен темекі жасап, шегеді.  Бір  уақытта бір емес бірнеше темекіні бірге тұтатып, шегеді екен. Тұрғындар оны кейде аяп тамақ алып келеді, Олардың айтуынша, тамақ талғамайды, берген тамақтың барлығын жей береді екен. Оның не себепті осындай күйге душар болғанын тұрғындар да білмей отыр. Оның денесіне 60 жыл бойы су тимеген. Осыған қарап оның сумен байланысты бір ауыр оқиғасы болған ба дерлсің. Себебі адам тектен текке осындай күйге ұшырай қоймайды. 

Кейбір тұрғындардың пікірінше, бұл адам туралы фильм түсіруге де болады екен. Себебі оның өмірі өзгелерге ұқсаамайды, ерекше. Аму Хаджи өмірі өзгелерді қызықтыра алатынына да сенімді. Жергілікті тұрғындар оның есін жиып, қайтадан бұрынғы қалпына келгенін қалайды.

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар