Кировтың журналисті Алёна өзінің жарты жылда Қытай елінде қалай өмір сүргені туралы айтып берді деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Мен Киров қаласында дүниеге келдім. Мектеп бітіргеннен кейін журналистика факультетіне түсуге Мәскеу қаласына бардым. Университетте оқып жүргенімде өз мамандығым бойынша жұмыс істеп жүрдім, бірақ өз жұмысым өзіме ұнамады. Бір күні Америкаға оқуға грант бөлінді, өкінішке орай грантты қайтарып алды. Содан бір елге оқуға барамын деп шешім қабылдадым. Қытай еліне жолым түсіп баратын болдым.
Ең бірінші Пекин қаласында болдым. Пекинде жүргенімде қытай тілінде сөйлей алмадым, бірақ орысша және ағылшынша сөйлей бердім. Қытай елінде ағылшын тілін қытай тілі сияқты көп адамдар сөйлейді деп мүлде ойламаппын.
Қытай халқы шетелдерге көп шыға бермейді, сондықтан болар олар бізді шетелдіктер деп атайды. Қытай халқына ашық жүзді, көгілдір көзді адамдар ұнайды. Мен осы келбетке сай келемін және менімен жиі суретке түскісі келеді.

Жарты жылым Қытай елінде өтіп Мәскеу қаласына барғанымда менде күйзеліс болды. Үш күндей ешқайда шыға алмадым. Сыртқа шықсам маскүнем адамдар жолдың бойын торып жүреді. Кешке жүрсең қорқасың, ал Қытайда адамдар саған күліп қарайды және бәрі өзінің қызығатын жұмыстарымен айналысып жүреді. Кішкентай бүлдіршінің өзі уақытпен жүреді: балабақшаға бару, сурет салу сабағына бару, ағылшын тілін үйрену.

Қызығы Қытайда 4 саны «өлім» деген мағынаны береді екен. Олар 4 санын ұялы телефон мен машинадан көрсе қаша жөнеледі. Тіпті менің тұратын үйімде 4 немесе 14 сандары жоқ.
«Қытай халқы маған ұнайды, себебі Қытайда жақсы істер қолға алынған. Егерде қытай тілін жақсы меңгеріп жатсам қытай ер азаматына тұрмысқа шыққым келеді»,- деп Алёна өз ойымен бөлісті.