Петропавл қаласында 29 сәуір күні полиция қызметкерінің автокөлігі велосипедтегі баланы қағып кеткен. Болған оқиғаның видеосы Instagram желісінде 9 мамыр күні skopetro аккаунтында жүктелген болатын, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Видеодан полиция қызметкерлерінің автокөлігі оңға бұрылғаны анық көрінеді. Дәл сол уақытта велосипед тепкен бала бағдаршамға қарай бағыт алған. Автокөлік баланы қағып, велосипедті басып өтеді. Сол сәтте жаяу жүргінші және полиция қызметкері көмекке келеді.
Оқиға Мира мен Сүтішев көшесінің қиылысында 29 сәуір күні орын алған. Көлік қаққан баланың 9 жаста екені мәлім болып отыр.
Instagram желісінде жүктелген видеоға пікір қалдырушылардың санында шек жоқ. Соның бірі belousko_yuliyа. Желі қолданушысының жазған пікірі бойынша, полиция қызметкерлері жазадан құтылуды ойлап отыр. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Омыртқасы мен бүйрегіне зақым келген. Оқиғаның куәсі болғандарға нөмірін қалдырып, хабарласуды өтінген. Біз кінәлі адамдар жазаланбай қалады деп қорқудамыз. Бала әлі күнге дейін ауруханада. Ақылы бөлімде емделуде. Ал полиция қызметкерлері баланың жағдайын білуге келмеді дейді желі қолданушысы.
Olgaserash аккаунтынан келген пікір бойынша, бала жолға бағдаршамның нұсқауынсыз шыққан. Байқаусызда дөңгелек астына түсіп отыр. Оқыс жағдайға әрине баланы да полиция қызметкерін де кінәлауға болмайды дейді.
Жол-көлік оқиғасы бірыңғай сотқа дейінгі тергеу тізіміне 1 бөлім 345 бап бойынша енгізілді. Көлік жүргізушісі оқиға орын алған сәтте мас болмаған, деп мәлімдеді СҚО ІІМ баспасөз қызметіне.
Шолушы: Айгерім Таубай