60 мыңға сәбиін сатқан әйелге сот үкім шығарды

/uploads/thumbnail/20170710060332024_small.jpg

 10 мамыр күні Ақтөбе облысынында өз баласын 60 мың теңгеге сатқан 33 жастағы Жанна Ақаласоваға сот үкім шығарды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Сот шешімі бойынша айыпталушының мүлкін тәркілеп,  7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ж.Ақаласовамен бірге бала сату ісіне қатысы бар  Данагүл Өтешова да 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Алайда айыпталушының балаларының жасын ескере келе 5 жылға темір торда отыру жайында шешім қабылданды.

Сәбиді сатып алмақ болған 56 жастағы Дина Досақоваға шартты түрде 7 жыл беріліп отыр. Іс аяқталғанша өзінің мекен-жайын өзгертпеуге сот шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, Жанна Ақаласова «Кәмелетке толмағандар саудасы» бабы бойынша айыпталғаны жайлы хабарланған болатын . Іс материалдарына сүйенсек, 32 жастағы Жанна Ақаласова бұрын тұрмыс құрмаған. Екі баласы бар. Біріншісін 2009 жылы дүниеге әкелген. Оны сәбилер үйіне тапсырған. Ал екінші ұлын 2017 жылдың 16 қаңтары күні босанды. Перзентханада жатқан кезде ол Дина Досақовадан хат алып тұрған. Ол перзентханадан 18 қаңтар күні шығып, сол жерге келіп тұрған Дина Досақоваға баланы ұстатады. Кешкілік Ақаласоваға баладан бас тарту туралы қолхат жазып беріп, 60 мың теңге көлемінде ақша алған болатын. 

Шолушы: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар