Словакия елді мекенінде орман ішінде велосипедпен серуенге шыққан спортшының артынан аю қуған. Бұл жағдай екінші велосипедші видеоға түсіріп келе жатқан сәтте жазылған.
Оқиға Словакияның Малино Брдо ауданында орын алған.
Бір тәуліктің ішінде миллионнан астам көрілім жинаған видеода алып аюдың велосипедшінің соңына түскені айқын көрсетілген.
Шолушы: Гүлім Жақан