Тарихтағы әлем сенген жалған ақпарат анықталды

/uploads/thumbnail/20170710060403352_small.jpg

Шеффилд Халлам Университетінің қызметкері Дэвид Кларк бүкіл әлем сенген 100 жыл бұрынғы жалған оқиғаны жариялады деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

1917 жылдың көктем айында британдық газет жантүршігерлік оқиғаны жариялады. Уақыт өте келе оны халықтың назарын басқаға аудуру үшін ойлап табылған оқиға деген пікірлер айтылды.

Сол уақытта Британия Қытайды Антантаға жақтасып соғысуға үгіттеп жүрген.

Сол жылдың ақпан айында North China Daily News газетінде неміс Германия армиясы мәйіттерден глицерин алады деген материалды жариялады.  

Қайтыс болғандардың денесін қайта өңдейтіні туралы сыбыс 1915 жылы пайда болған. Алайда бірде-бір ресми дерек көзі оны нақты ақпар ретінде растамады.

Times «Немістер және олардың өлекселері» (Germans and their Dead) деген тақырыппен мақала жариялады.  Ол алғаш рет 10 сәуірде Berliner Lokal-Anzeiger газетінде жарық көрген.

Онда журналист Карл Роснер мәйіттер фабрикасынан өтіп бара жатқанда жағымсыз иіс сезгенін жазады.

Роснер жылқылар мен қашырдың денесіне қатысты қолданатын Kadaver сөзін қолданған.

Times Бельгияның БАҚ дерек көзін пайдаланып, мәйіттер қалай өңделетіні турасында жаға ұстатарлық деректерді жариялады.

Кейіннен сатиралық Punch журналында «Етпен не істейді?» деген тақырыппен мақала жарияланды. Осыдан кейін Германия билігі таралған ақпаратты жоққа шығарды. 

Әлі күнге дейін бұл ақпаратты қандай мақсатта таратқаны анықталмады. 

1925 жылы сэр Остин Чемберлен Палатада «жалған ақпараттың» ешқашан ешқандай негізі болмағанын айтады.

 

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар