Анасы түнде сәбиін қолғаппен орап кетті. Таң ертең медбикелер өз көзіне өзі сенбеді

/uploads/thumbnail/20170710060610167_small.jpg

2011 жылы Ямиль Джексон Захария есімді баласына жүкті болды. Ол сәбиін мезгілінен бұрын босанған. Захарияның анасы мұндай сынақ оның медицина саласына жаңалық әкелетінін білмеді.

Бала дүниеге келгенде салмағы небәрі 900 грамм болды. Алғашқы 155 күнде Захария неонтальді реанимацияда жатуына тура келді.

Күндіз әйел баламен бірге болды. Алайда түнде сәбиін тастап кетуге мәжбүр еді. Анасының жанында сәби өзін жақсы сезінетіні анық. Мәселені шешу үшін Ямиль күтпеген шешім қабылдады. Ямиль Джексонға ыдыс жуып жатып резеңке қолғапқа қарап бір ой келеді.

Тоқыма қолғапты алып Ямиль оған тұқым толтырады. Күні бойы баласының керуетінің жанында анасының иісі мен жылулығы сіңу үшін өзімен бірге алып жүреді.

Ауруханадан кететін уақыт жеткенде анасы Захарияны қолғаппен орап кетті. Нәтижесі өте жақсы болды.

Сол түні сәбиде жүрек қағысында да, тыныс алуында да еш қиындық болмаған. Әр түні осылай тоқыма қолғапты қалдырып отырған. Сәбидің жағдайы жақсара түсті. Ямильді ауруханадан шығарғаннан кейін медбикелер Ямиль Джексоннан тағы дәл сондай қолғапты басқа балалар үшін дайындап беруін сұраған. Уақыт өте келе Захарияға тапсырыс көбейген.

Қазіргі таңда «Заки» қолғабы сұранысқа ие. Дәрігерлер аталмыш қолғап балаларға көмектеседі дегенді айтады. 

Дайындаған: Әсем Әлмұханбет

Қатысты Мақалалар