Қытайлық бір компания қызметкерлеріне арықтағаны үшін сыйақы төлейтін болды

/uploads/thumbnail/20170710061520125_small.jpg

Сиань қаласында компания директоры қызметкерлерін артық салмақтан арылуына ынталандыру үшін ерекше тәсіл ойлап тапты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Компанияда ай сайын арықтау бойынша байқау өтеді. Сыйақы 1,5 келіден бастап беріледі.  Әр 500 грамм үшін 100 юань төленеді екен.

Компания қызметкері  Чжоу Вэйдің айтуынша,  «арықтағаны үшін сыйақы төлеу» 1 наурыздан басталған. Әр айда компанияның  жартысына жуық қызметкерлері сыйақы алады, ол өзі 2 айда 10 келі тастап, 2000 юань сыйақы алды. 

Оның сөзіне қарағанда, бұл шара  күткеннен де артық нәтиже беруде.  

«Қызметкерлер бұл шараға ақшалай көтермелеуге қызығып қатысып жатқан жоқ, сыйақы енгізген себебіміз көпшілігі арықтау туралы айтады да ол орындалмай, сөз күйінде қалады. Ақшалай марапат - қозғаушы күш болуда», - деді компания президенті Ван Сюэюй.

Қатысты Мақалалар