Әлемдегі баруға тыйым салынған қауіпті 10 қала

/uploads/thumbnail/20170710061530673_small.jpg

 Әлемде таңқаларлық көркімен, өзіне тән ерекшеліктерімен өзгешеленетін әсем қалалар бар екені белгілі. Керісінше, баруға тыйым салынатын, адам өміріне қауіп төндіретін қалалар да бар. Қамшы ақпараттық агенттігі осындай қалалар тізімін оқырман назарына ұсынады.

1. Чернобыль. Украина

Бүгінгі күні осы аумақтағы радиациядан зардап шеккен адамдар саны 5,5 миллионнан асып жығылған. 1986 жылы орын алған апаттан кейін АЭС-ның жарылысы салдарынан қалаға қатты зақым келген.

2. Сумгаит, Әзірбайжан

Сумгаит- химия өнеркәсібінің орталығы ретінде танымал. Бүгінде онда  ауыр меттал, мұнай қалдықтары мен химиялық заттардан зардап шеккен 275 мың адам тұрады. Жергілікті тұрғындардың балалары генетикалық ауытқулармен туылады, көпшілігі жетілмей, сүйек ауруларына шалдығып жатады.

3. Вапи, Үндістан

Бұл қалада 1000-ға тарта өндіріс орындары бар. Вапи суларындағы сынаптың деңгейі қалыпты жағдайдан асып, ауасы ауыр металлға толы. Осы жылы созылмалы ауруларымен ауыратындар саны 70 мың-нан асқан.

4. Тянжинь, Қытай

Тяньжинь- Қытайдағы қорғасын шығарумен танымал бірден-бір өнеркәсіп орны.   Қытайдағы ең ластанған елді-мекен. Ауадағы қорғасын мөлшері қалыпты жағдайдан 10 есе көп.

5. Сукинда, Үндістан 

Ең үлкен хром шахталары орналасқан қалалардың бірі. Қалдықтардың барлығы өзен, көлдерге тасталынады. Жергілікті тұрғындардың 90% обыр дертіне шалдыққан.

6. Норильск, Ресей

Норильск- Ресейдегі ең ластанған қалалардың бірі. Ауыр металлдарды өңдейтін зауыттар орналасқан бұл қалада бүгінде 134 мың жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдар тұрады. 2001 жылдан бастап бұл қала шет елдіктер мүлдем кіргізілмейді.

7. Линьфынь, Қытай

Көмір шығаратын ірі кәсіпорындар орналасқан бұл қалада 200 мыңнан аса адам тұрады. Көпшілігі обыр, өкпе ауррулары мен бронхитке шалдыққан.

8. Ла-Оройа, Перу

Бұл қалада 35 мың адам тұрады. Тұрғындардың 95 % -ы ауыр ауруларға шалдыққан. Ауыр металлдарды шығаратын өнеркәсіп орындарының болуымен қоймай, мұнда қышқыл жауын-шашын жауады.

9. Кабве, Замбия

20 ғасырдың басында бұл қалада көптеген қорғасын қоры табылды. Содан бері мұнда ауыр металл өте белсенді өндіріледі, ауасы ластанған. 250 мың жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдар тұрады.

10. Дзержинск, Ресей

1930-1998 жылдары бұл қалада 200 мың тонна химиялық қалдықтар, соның ішінде –нейтротоксин  жерге көмілген. Ластанған судың қауіптілік деңгейі қалыпты жағдайдан 17 миллионға көп. 300 мың тұрғыны бар қалада орташа жас деңгейі 45 екен. 

 

 

 

Дайындаған:Назерке МҰСА

Қатысты Мақалалар