Қытайлар Жерге сыймай Айға көшпекші

/uploads/thumbnail/20170710061647596_small.jpg

Қытайда адам саны өте көп болғандықтан олар Жер ғаламшарына сыймай Айға қоныс аударғысы келеді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі dsnews.ua-ға  сілтеме жасай отырып. Қытай зерттеушілері бұрын-соңды болмаған тәжірибе жасау үстінде.

Олар Айдағы атмосфераға ұқсас етіп арнайы жабық капсулада тәжірибе жасады. Олар бұл тәжірибе арқылы атмосфераға адамдардың бейімделуіне көмектеспекші. Арнайы жасалған жабық капсулада 4 ерікті азамат 200 күн бойы өмір сүреді. 

Еріктілер 2 әйел мен 2 ер адамнан құралған. Олар Пекиндегі университеттің ең үздік мамандары екен. Бұл тәжірибе «Юэгун -365» атты арнайы атаумен аталды.

Қытайлық зерттеушілердің айтуы бойынша, 2025 жылдан бастап Айға қоныс аударуға болады екен. Осыған ұқсас 105 күндік тәжірибе 2014 жылы да жасалыпты. Қытай азаматтарының барлығы Айға қоныс аударатын болса Жер ғаламшарының біраз мекені босап қалатын шығар.

Шолушы: Әсел Өтешова

Қатысты Мақалалар