Петербор қаласының 48 жастағы тұрғыны өзінің танысын 3 күн бойы қамауда ұстаған. 31 жастағы әйелге дене жарақаттарын салып, сексуалдық күш көрсеткен , деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
31 жастағы әйел өзінің танысының үйіне қонаққа барған. Содан кейін хабарсыз кеткен. Құқық қорғаушыларға 9 мамыр күні жәбір көрушінің анасы жүгініп қызының жоғалып кеткені жайлы хабарлаған. Қонаққа бармақ болған үйдің мекен-жайын да берген. Полиция жәбірленушіні берілген мекен-жайдан тапты.
Қылмыскердің құқық қорғаушыларға қарсылық көрсеткені мәлім болып отыр.
Алдағы уақытта 48 жастағы қылмыскерге сот үкім шығарады. Ал жәбірленуші жергілікті ауруханалардың бірінде емделуде.
Шолушы: Айгерім Таубай