Маңғыстауда бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырған

/uploads/thumbnail/20170710061832222_small.jpg

Маңғыстау облысында белгісіз бір топ қарулы адам бүтіндей бір отбасына оқ жаудырып, оқиға орнынан қашып кеткен.  Бетін тұмшалағандар тіпті бесіктегі 9 айлық сәби, аяғы ауыр келіншек пен өзге де балалардың болғанына да қарамаған, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

 Үй иесінің айтуынша, келген басбұзарлардың ішімдік ішкені байқалған. Белгісіз топ мүшелері үйге кірмеген,терезеден тоқтаусыз оқ жаудырып, тас лақтырған. Бұл кезде үйде қырықтар шамасындағы отағасы, екі жасөспірім қыз, жүкті келіні мен құндақтаулы сәби болған. Бұзақылардың бірі ұялы телефонын үйдің маңында түсіріп алыпты. Зардап шеккендер бірден Қарақия аудандық Ішкі істер бөліміне шағымданған. Аты-жөндері белгілі болған алты күдікті әлі  ұсталған жоқ.

 «Кетіп бара жатып бандылардың біреуі соткасын түсіріп алған. Ол сотканы милициялар анықтап, Өзеннің жігіті екенін біліп отыр. Бұрын сотталған. Бірақ сонда да әлі ұстай алмай отыр. Бүгінгі күнге дейін ешкім ұсталған жоқ. Ол жерде 7-8 ер адам жүрді үйді шыр айналып», - дейді үй иесі Сандуғаш Нілғалиева. 

Шолушы: Гүлім жақан

Қатысты Мақалалар