«Сіздер Тибетке әскер кіргізбек екенсіздер, бұл өте дұрыс. Әуе күштері туралы біз әскер тарапымен ақылдасып көрейік, жауабын сонан соң айтамыз». Бұл 1949 жылдың желтоқсанында Сталиннің ресми сапармен Кеңес одағына барған Қытай төрағасы Мау Зедонға айтқан сөзі болатын. Алайда техникалық себептерге байланысты әуеден көмек көрсету жоспары орындалған жоқ.
Совет одағының осы ұстанымы Тибеттің жерлік үкіметінің «Тибет егемендігі» жоспарының жүзеге асуына белгілі деңгейде әсер етті.

1947 жылдан бастап Тибет үкіметінің егемендікті жақтайтын Шагба қатарлы мүшелері Тибеттің сауда үйірмесін ұйымдастырып Еуропа, Америка елдеріне барып батыс елдерінің «Тибет егемендігі» әрекетіне қолдау таппаққа талпынды. Алайда олар Кеңес одағына баруды ойластырған емес. Америка, Англия елдері Кеңес одағының Тибет мәселесі туралы ұстанымын айқын білетіндіктен олардың «Тибет егемендігін» қолдауына кедергі боларын білген.
1949 жылы Тибеттің жергілікті үкіметі Америка, Англия қатарлы мемлекетке хат жазып БҰҰ-ға мүшелік талабын қойғанда АҚШ үкіметі өзінің Индиядағы елшісі арқылы ауызша жауап береді. Олардың ойынша «БҰҰ-ның тұрақты мүшесі ретінде Кеңес одағы Тибетті Қытайдың бір бөлегі деп білетіндіктен олар «Тибет егемендігін» қолдамайды. Сондықтан Тибеттің егемендігі туралы құлшынысының іске асуы мүмкін емес. Өйткені бұл жағдай Кеңес одағы мен Қытай уәкілдер үйірмесінің ( Тайван үкіметін меңзеп отыр. Ол кезде Пекин БҰҰ-ға мүше болмаған) қарсылығына ұшырайды.
Осындай жағдай астында мейлі АҚШ немесе Англия болсын БҰҰ-да Тибет мәселесін талқылау туралы ойларын ортаға салған емес. 1950 жылы Оңтүстік Америкадағы Сальва мемлекеті «сыртқы күштердің Тибетке сұғанақтығы» туралы мәселені БҰҰ-ның күнтәртібінде қаралуын талап еткенде Кеңес одағының елшісі Яков Александрович Маликтің қарсылығына тап болады. «Тибет Қытайдың бір бөлшегі, оған қатысты істерді Қытай үкіметі өз еркімен шешуі тиіс» дейді ол. Осылайша «Тибет мәселесі» БҰҰ-ның күнтәртібіне енбей қалады.
Дайындаған: А.Манапов