Әйелдің іші босанғаннан кейін де кішіреймеген. Себебін білген дәрігерлер ұяттан жерге кіре жаздады

/uploads/thumbnail/20170710061859816_small.jpg

Юлия Селина 34 жасында екінші рет ана атанады.  Сәбиін іштен жарып алу  арқылы дүниеге әкелген болатын.  Сәбидің жағдайы жақсы, денсаулығы мықты болып дүниеге келді.  Ал анасының жағдайы шын мәнінде мәз емес.

Босанғаннан кейін де Юлияның іші үлкен болып қала берген, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Юлия перзентханада төрт рет ультрадыбысты тексеруден өткен.  Алайда  дәрігерлер науқастың ішінің өсу себебін анықтай алмаған.  Амалсыздан жас ана үйіне жіберілген болатын.  Үйіне барған соң да ананың жағдайы күннен-күнге нашарлай түскен.  Іші сәт сайын үлкейе берген.

24 күн бойы жас нәрестесі бар ана ауруымен күреседі.  Жағдайының күрт нашарлауына байланысты  әскери-медициналық академияның көмегіне жүгінеді.

Таңқалдыратыны, дәрігерлер Юлияның ауруының себебін алғашқы ультрадыбысты тексеруден өткізе салысымен анықтаған. Уақыт оздырмай науқасты операцияға үстеліне дайындаған.

Дәрігерлердің науқастың ішінен не тапқаны көпшілікті таңқалдырды. Перзентханадағы дәрігерлер науқастың ішінде жарты метр жайманы ұмыт қалдырған. 

Сонымен қоса дәрігерлер Юлияның ішінен 2 литрге жуық  ірің алған.

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар