Мамырдың басында ғана қазақтың көңілін бір марқайтып жіберген тосын жаңалық болған еді. Қазақтың сүйікті ақын қызы, филология ғылымдарының кандидаты, ЕҰУ-нің «Телерадио және PR» кафедрасының доценті Оңайгүл Тұржан Димаш жайлы эссе-кітапты дүниеге әкелді. Мұндай қуанышты хабарды халықпен тез арада бөлісуге асыққан Қамшы ақпараттық агенттігінің тілшісі Оңайгүл Тұржанмен сұхбат құрып, кітапты жазып шығудың қыр-сырларын біліп қайтқан. Енді міне көптен күткен кітап та сатылымға шықты.
Бұл туралы кітап авторы ақын Оңайгүл Тұржан өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеді. Автордың айтуынша кітапқа тапсырыс берушілер саны көп. Еліміздің түкпір-түкпірінен сұраныстар түсіп жатқан көрінеді. Кітапқа тапсырыс беру үшін 8-701-250-97-83 (автордың өз нөмірі) нөміріне хабарласыңыз. Таяу күндері Астанада бұл кітаптың тұсаукесері өтеді.
Шолушы: Гүлім Жақан