Солтүстік Кореяда шығармашылық ұйымның мүшесі болу үшін қойылатын талаптар ел ойлағаннан да қорқынышты

/uploads/thumbnail/20170710061935582_small.jpg

Солтүстік Корея туралы әңгіме қозғар болсақ ең алдымен оның ұстанған саясаты, әскери күші, сыртқы саясаты мен машина жасау саласы еске түседі. Осындай жағдайдан кейін ол елдің көркемөнермен ауылы алыс деп ойлайтынымыз рас. Алайда ол елде аса үлкен шығармашылық топ жұмыс жасайды. Ол «Мансуда шығармашылық ұйымы» деп аталады (Mansudae Art Studio). Аталмыш ұйым 1959 жылы құрылған. Әлемдегі үлкен көркемсурет шығармашылық базасының бірі. Қазіргі кезде 4000 нан астам мүшесі бар. Солтүстік Кореаның Еңбекшілер  партиясына бағынышты.  Бір кездері Ким Чен Ирдің тікелей басшылығында болған. 

Солтүстік Кореяның социализм жолындағы жеңістері мен жетістіктерін  нәсихаттайтын туындылар жарату бұл ұйымның алғаш  құрылуыны себеп болған. Ол елдің басшысына қатысты әртүрлі туындылар тек осы ұйымның суретшілерінің қолымен ғана жасалады. Солтүстік Кореаның бұрынғы басшыларының барлығы үнемі осы ұйымға келіп тұрған.

Бұл елдегі әйгілі Чоллима мыс мүсіні, Жеңіс қақпасы,  Тұтастық аркасы және Мансуда алаңындағы биіктігі 20 метр болатын Ким Ир Сен мен оның ұлы Ким Чен Ирдің мыс мүсіні мен Пхеньян қаласындағы басқа да маңызды ескерткіштер осы ұйымдағы суретші, мүсіншілдердің қолымен жасалған.

Солтүстік Кореядағы ең мықты суретшілердің дені осы ұйымға жинастырылған. Ол жерде жұмыс жасау олар үшін өте абройлы іс. Алайда ол жерде жұмыс істеу үшін кем дегенде төмендегі үш түрлі шарт орындалуы қажет.

1. Біліктілігі

Белгілі бір көркемдік салада аса жоғары білімі мен тәжірибесі болуы шарт. Солтүстік Кореяда университет оқуы кезінде өзін талантымен көрсете білген студенттер бұл ұйымға жұмысқа шақыру алады. Сонымен қатар әйгілі суретшілер де ұйымға арнайы шақырылып жатады.

2. Дипломы

Мансуда ұйымындағы мамандардың барлығы дерлік университет немесе кәсіби сурет институттарының түлегі. Солтүстік Кореада сурет мамандығы 8 жыл оқытылады. Ерекше талантымен көзге түскендері Ресейге жалғасты білімдерін жетілдіруге жіберіледі.

3.Саяси көзқарасы

Мансуда ұйымының әрбір қызметкері мемлекеті мен оның басшысына адал болуы керек. Бұл жердегі өнер иелері мемлекет және мемлекет басшысына қатысты жасаған туындыларына қарай «Халық суретшісі», «1 дәределі суретші» және «Еңбек сіңірген суретші» деген атақтарды иелене алады. Дәрежелеріне қарай жалақылары да әртүрлі болады. «Халық суретшісі» атағы ең жоғары атақ болып оның туындылары да ең қымбатқа бағаланады.

Алайда Солтүстік Кореядағы суретшілер мемлекет берген жалақыға ғана сүйеніп өмір сүреді. Өз туындыларын сатуға тиым салынған. Сатылымға түскен жағдайда да қаржы сатып алушы мен мемлекеттік қызметкердің араласуымен есеп айырылысып қаржы ұйым мен мемлекет қазынасына құйылады. Мансуда ұйымына елдегі ең мықты деген суретшілір жиналғандықтан олардың туындыларының көркемдік деңгейі де аса жоғары. Шетелдік коллекционерлердің айтуынша олардың туындысы өз деңгейімен салыстырғанда тым төмен бағамен сатылады екен.  

Бұл ұйымдағы суретшілер басқа да көркемөнер саласын зерттейді. Мысалы, Солтүстік Кореяға тән түрлі-түсті ұсақ тастардан жасалатын «Асыл тасты сурет» сол өнерпаздардың тапқырлығы саналады.  Ол әсемдігімен, түсінің ашықтығымен танымал. Солтүстік Кореаның өнері ретінде шетел басшыларына сыйлық ретінде берілген және халықаралық  көрмелерге қойылып марапаттарға ие болған.

1970 жылы Мансуданың шетелдегі  серіктігі құрылды. Ол негізінен көркем туындыларды басқа мемлекеттердің басшыларына сыйлауға жауапты еді. 1990 жылдан бастап туындыларды сатумен айналысып 2011 жылдың қараша айына дейін мемлекет қазынасына 1 миллиорд 600 миллион доллар қаржы құйған.

Айтуға қарағанда Мансуда ұйымының шетелдік мердігері бар. Ол Италияндық Pier Luigi Cecioni. Ол туындыларды шетелде көрмеге қою және сату жұмысымен айналысады. Қазірге дейін олардың туындылары Оңтүстің Кореа, Қытай, Африка мен Шығыс Азия елдеріне шығарылған.

Жақынғы жылдарда олардың негізгі тапсырыс берушілері Африка елінде екен. Арасындағы ең танымалы Сенегал Республикасының астанасы Дакардағы биіктігі 49 метр болатын «Африканың  қайта жаңғыруы монументі» саналады. Бұдан басқа  Ангола, Бенин және Эфиопия

 

Республикасы да мүсін жасауға тапсырыс берген.

«Африканың  қайта жаңғыруы» монументі

Бұл елдердің Мансудаға тапсырыс беруінің екі себебі бар. Арзан бағасы және ол мүсіндердің көлемінің үлкендігі. Мансуданың шеберлері дәл сондай үлкен көлемдегі мүсіндерді жасаудың нағыз шебері саналады.

Мансуданың Африка елдерінен сырт Германияның Франкфурт қаласындағы Ертегілер субұрқағы пен Камбоджадағы Анкор панорамалық мұражайы да олардың мақтан тұтар өнер жетістігі.

Анкор панорамалық мұражайы.

 

Дайындаған:  А.Манапов

Қатысты Мақалалар