Финляндия президенті ЭКСПО көрмесіне келеді

/uploads/thumbnail/20170710062103927_small.jpg

Финляндияның президенті Саули Ниннисте Астанадағы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне келуді жоспарлап отыр, деп xабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Биыл 19 маусымнан бастап Астана-Хельсинки бағыты бойынша екі ел арасындағы тікелей әуе рейсі ашылады. Бұдан бөлек, 18-19 маусым күндері елордада Оулу қаласының мәдени күндері ұйымдастырылады.

Осының барлығы Финляндия президенті Саули Ниннестенің Қазақстанға жасайтын сапары аясында өтеді. Ниннесте Астанадағы ЭКСПО - 2017 көрмесі аясындағы Финляндияның ұлттық күні мерекесіне қатысады. Аталған шара осы елдің павильонында өтеді. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, фин басшысының сапары 19-21 маусымға жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Финляндия Солтүстік Еуропа елдері ішінде Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптесі әрі ірі инвесторы болып саналады.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар