63 жастағы әжей ұстаздық қызметін тастап сәнбикеге айналған (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710062117928_small.png

Лин Слейтер  63 жастағы әлеуметтану пәнінің мұғалімі Нью-Йорктағы беделді университеттердің  бірінде сабақ берген. Журналистер оны фэшн-индустрияның адамымен шатастырып алған соң сәнбике болуға шешім қабылдаған деп хабарлайды  Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл оқиға Линмен осыдан бірнеше жыл бұрын өзінің құрбысын театр алдында күтіп тұрған кезден басталған. Жапондық екі репортер қасына келіп оны суретке түсіруге рұқсат сұраған.

Оның сәнді киімі мен сырт келбеті жапондықтарды қызықтырса керек. Оның сәнбике емес екенін білген репортерлер оған сәнбикелікке баруды ұсынған. Әлгі журналистер қасына келгенде бір топ адамдар да Линнің жанына жиналып оны сән әлемінде танымал тұлға екен деп ойлаған. Бұл туралы Линнің өзі де тебіреніспен еске алады. Осы оқиғадан кейін әлеуметтану ғылымының профессоры өз кәсібін ауыстырған. Ол жеке блок ашып үлкен жастағы адамдарға қалай көрікті, стильді киіну керектігін блогында түсіндіре бастаған.

Уақыт өте келе Линнің оқырмандары көбейіп, оған жастардан да, егде жастағылардан да масаттанған оқырман  хаттары келе бастаған.

Elite London модельдік агенттігімен келісімге отырған Лин Слейтер Comme Des Garcons, Mango және Valentino сияқты танымал брендтерді жарнамалайтын бейнебаяндарға түскен.
Сән әлемінде жас ерекшелікке байланысты шектеу бар деген стереотипті бұзған Лин кез-келген жаста сәнді әрі көрікті болып жүруге болатынын дәлелдеген. Адамның сырт келбеті мен оның эмоционалдық жағдайы бір-бірімен тығыз байланысты дейді ол, сәнді киініп сымбатты болып жүргенде  өзімді жас сезінемін дейді сәнбике.

 

 

 

Дайындаған: Назерке МҰСА

 

Қатысты Мақалалар