Еуропамен визасыз режим орнатқан Украина Ресеймен байланысын толығымен үзбек, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.
Украина Президенті Петр Порошенко "1+1" арнасына берген сұхбатында "визасыз режимге қол жеткізу – Ресеймен байланысты үзу" екенін айтты.
«Бүгінгі күні Украина Ресеймен байланысын толығымен үзді деп айта аламын. Мұны дәл осылай деп «философиялық тұрғыда» қабылдауымыз жөн», - деді Порошенко.
Оның айтуынша, Украина Еуропаға қайтып қосылмақ.
«Әңгіменің түп төркіні Ресеймен байланыстың үзілгенінде емес, өз жерімізді тарихи өлкесіне қайтару басты межеде тұр», деп қостады Президент.
2015 жылдың желтоқсанында Еуропалық комиссия Украина визасыз режимге өтуге дайын екенін мәлімдеген, себебі Украина тарапынан барлық талаптар орындалған. 2016 жылдың күзінде Еуропаға визасыз өту жобасы Украина халқы үшін Еуропалық Парламент мүшесінде қаралды. Ал қараша айында ЕО Кеңесі жобаны мақұлдады.
2017 жылдың 9 наурызында Еуропалық Парламент комитетінің адам құқықтары жөніндегі Әділет және ішкі істері Украинада визасыз режим орнату турасындағы жобаны бекітті.
26 сәуірде мемлекеттердің тұрақты өкілдері – ЕО мүшелері қолдады.
Порошенко 17 мамырда Страсбургте визасыз режим жайында келісімге қол қояды деп күтілуде. Ол ЕО «Ресми журналында» жарияланған соң 20 күннен кейін күшіне енеді.
Шолушы: Гүлім жақан