Израильда 14 жастағы баланы ата-анасы туылғаннан қамауда ұстап, далаға шығармаған деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC-ге сілтеме жасап. Израиль армиясының хабарлауынша, жеткіншекті үйден айына бір мәрте, түнде ғана шығарып отырған. Кейде оны балкондағы торда ұстаған.
Баланың ата-анасы тұтқындалды. Олардың сөзінше, баланың денсаулығыны байланысты оны қамауда ұстаған.
Полицейлер ата-анасын ұстағанға дейін көршілері бірнеше рет жергілікті муниципалды билікке пәтерден үнемі жағымсыз иіс шығып тұратын айтып шағымданған. Көршілердің бірі баланы терезеден көріп қалған. Оның айтуынша, ол қорқынышты фильмдегі зомби секілді тұрған.
«Мен оның көздеріне қарағанда ол меннен көмек сұрап тұрғандай болды. Мен бірдеңе істеу керектігін түсіндім» дейді көршісі Уакнин.
Баланың ата-анасы 2009 жылы Ресейден көшіп келген екен. Олардың жасы 60-та. Балалары бар екенін жасырып, ешқандай құжат рәсімдемеген. Баланы мектепке де жібермеген.
Шолушы: Әсем Әлмұханбет