Назарбаев шетелдік басшымен ағылшын тілінде сұхбат жасады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710062344117_small.jpg

Елбасы Назарбаев Университетінің басшысы Шигео Катсуды Ақордада қабылдады.

76 жастағы Елбасы шетелдік басшымен ағылшын тілінде сұхбат жасады. Университет жұмыстары жайлы сұрап, Катсудың баяндамасын тыңдады, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

Кездесуде Мемлекет басшысына білім беру мекемесінің жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспарлары жөнінде баяндалды. Елбасыға “Назарбаев Университеті” дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы өз жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағаны, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгені мәлімделді.

 Ал кездесудегі халықтың назарын өзіне аударған тұсы Елбасының сұхбатты «Please, your report» деп ағылшын тілінде бастауы. Назарбаевтың орыс тілін жетік меңгергені бәріне мәлім. Ал енді ағылшын тілі үшін де аудармашыны керек етпей тұрғанын байқаймыз.

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар