Федералды қауіпсіздік қызметі өлтірген екі босқынның ешқандай да террорист емес, қарапайым босқындар екенін туысы айтып берді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Голос Ислама басылымына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетсек, лаңкестерді құрықтау үшін арнайы операция 19 сәуір күні Владмимрск облысында өткен болатын.
Лаңкес деп ойлап, өлтірілген екі адам 30 жастағы Ибодулло Валиев пен 26 жастағы Шарифхон Бозоров есімді ер адамдар болатын.
Олардың туысы Фазлиддин Гафуровтың айтуынша, өлтірілген ер адамдар 7 жылдан бері саяжайда күзетші және үй шаруасына көмекші болып жұмыс атқарып келген.
Ол 18 сәуір күні кешке екеумен сөйлескенін және үш күннен кейін қайтадан хабарласатынын айтқан екен, алайда бұл олардың соңғы сөйлескені болды. Өлтірілген туыстары жұмыс істеген үйге келген кезінде, оларды үйден таба алмаған. Жергілікті тұрғындар Фазлиддин Гафуровқа екі туысын өлтіріп кеткенін жеткізген.
Гафуровтың айтуынша, атыс болған жерде ешқандай да оқ іздері болмаған.
Аударған: Назерке Лабихан