21 жастағы жас жігіт 160 жастағы қарияның күйін кешуде

/uploads/thumbnail/20170710062454243_small.jpg

Үндістанның Хануманган қаласында 21 жастағы жігіт сирек кездесетін генетикалық аурудан зардап шегуде ,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Жас жігіт өзінің құрдастарынан 8 есе тез қартаюда. Қазіргі таңда Рупеш Кумар 160 жастағы қарияның денесімен өмір сүруде.

Кумардың шалдыққан ауруы прогерия деп аталады. Бұл аурудың басты көрінісі - ағзаның ерте қартаюы. Әлемде бұл аурумен 80-ге тарта адам ауырады.

Үндістан азаматында бұл ауру 2 жасқа толғанда көрініс бере бастаған. Бастапқыда бас ауруымен басталған.

«Дәрігерлер ауыруды жеңілдететін дәрілер беріп, ауруханадан шығарып отырды. Ешкім Рупештің немен ауыратыны жайлы үзілді-кесілді айтқан жоқ. Артынша оның басы үлкейіп,  салмағы азая бастады» деп мәлімдеді Рупештің 45 жастағы әкесі Рамапати Кумар.

Қазіргі күнде науқастың салмағы 21 келі. Рупештің ата-анасы Үндістанның министрінен көмек сұрап хат жолдаған. Алайда еш жауап келмей отыр. 

 

Дайындаған: Айгерім Таубай

Қатысты Мақалалар