Сәуірдің басынан Венесуэлада президент Николас Мадуроға қарсы акциялар өтуде. Бірнеше адам қаза тапса да, шеруілшілердің толастар түрі жоқ.
Оппозициялық топ президенттің жаңа парламент құру, Ұлттық Ассамблеяны жою, мемлекеттік конституциясын өзгерту жөніндегі шешіміне қарсы наразылық шеруіне шыққан еді.
Би-би-си-дің өңірлік тілшісі шеруге шыққандармен тілдесіп қайтты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Біз балаларымыз үшін күресеміз!» - Мария Алварес, 57 жас, қатерлі ісік ауруына шалдыққан

Венесуэлада адам баласының еркіндігі шектеулі. Өз ойын ашық айту деген түсініктен ол жердің тұрғындары мақұрым қалған.
Оның үстіне, дәрілер, басқа да тауарлар таусылудың үстінде.
Дағдарыс әр отбасында көрініс тауып жатыр. Әлеуметтік жағдай жағынан ең төменгі дәрежеге түстік. Күн сайын кедейленіп барамыз. Балаларымыздың болашағы қараң. Әр күні бір баланы өлтіріп кетеді.
Мен шеруге ана ретінде шығып жүрмін. Өз балаларым үшін емес, бүкіл венесуэлалық балалар үшін, елдің тұтқасын қолында ұстар боашақ жастар үшін жүрмін бұл жерде.
Режим оппозицияны террористер ретінде көреді. Бізге бұл ұнамайды, сол үшін де наразылық танытамыз.
Мен ақтық демім қалғанша наразы топтың қатарында боламын. Өзім сүт безі қатерлі ісігін өткердім, қазір тәуірмін. Бірақ соңына дейін күресемін.
«Мен соңына дейін қарсылық танытамын!» - Ла Мэрте (өлім), лақап аты, 27 жаста, қара базардың саудагері

Наразылық акциясында жүргеніме осымен 32 күн болды, бір күнін жіберген емеспін. Елімізде болып жатқан жағдайдың кесірінен 2 ай бойы жұмыссызбын. Мен жұмыс істеген фирма Венесуэладан көшіп кетті.
Екі балам бар, оларды асырау үшін қара базарда саудамен айналысып жүрмін.
Бұл жерде Венесуэладағы диктатураға нүкте қою үшін жүрміз. Балаларымыз тәуелсіз мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз.
Бізді халық қолдайды, тамақ әкеліп тұрады, оларды тастамайтынымызды біледі.
Мен әрдайым өзіммен Венесуэланың картасы бейнеленген қалқанды алып жүремін. Мемлекеттік қауіпсіздік мекемесінің адамдары ізімізге түскендіктен, бетпердемен жүрмін.
35 күннің ішінде 30 адам қаза болды, біз солар үшін күресеміз.
«Біз мұндай өмірге лайық емеспіз!» - Мигель Пизарро, 29 жаста, оппозициялық депутат

Бұл акцияға қатысуыма әпкемнің басынан өткені себеп болды. Ол маған ана да, әке де бола білді. Ата-анам көбіне саяси істермен шет елдерде жүретін.
Әпкемнің жасы 38-де, 2012 жылы қатерлі ісікке шалдықты.
Еліміздегі дәрі-дәрмекпен емдедік, бірақ ісік ұлғая берді. 2014 жылы дәрі-дәрмек өндіруші зауыт жұмысын тоқтатты, қайта ашылмады.
Салдарынан ісік ұлғайып, әпкемнің жағдайы нашарлап кетті. 2015 жылы отбасымызбен оны шетелге жібердік. Қазір ол шет елде ем қабылдап жүр.
Әпкеммен амалдың жоқтығынан телефон арқылы ғана тілдесуге итермелеген бұл мемлекетте өмір сүргім келмейді. Әр таңым мен кештерім әпкемді ойлаумен өтеді.
Наразылық акциясында кек алу мақсатында жүрмін.
«Мен бұл мемлекетте қорғансызбын, бірақ күш жинауым керек!» - Альба Фернандес Торрес, 74 жаста, дәрігер

Мен наразылық акциясына өз еркіммен шықтым, әлі де жалғастырамын.Бұл біз үшін үлкен тәуекел, бірақ бостандыққа қол жеткізгіміз келсе, қауіп-қатермен ұшырасуға тура келеді.
Балалырм мені қатты уайымдайды, бірақ қолдайды.
Жасыма қарамастан, елімнің тәуелсіздігі үшін күресу – менің міндетім.
Орта тапты қиратқан биліктің ауысуын талап етемін.
Анестезиолог болып жұмыс ісетегендіктен елде денсаулық сақтау саласында қиындықтар туындап жатқанын айта аламын.
Ауруханаларда ештеңе қалмады. Мен қатерлі ісікке шалдықтым, бірақ текесірстен өтетін мүмкіндік жоқ.
Дұрыс тамақтанбайын болдым, энергия беретін тағамдар қалмады.
Мына адам (президент Николас Мадуро) биліктен кетпейінше, мен акцияға қатысатын боламын. Ол міндетті түрде кетеді, мен оған сенмідімін.
Дайындаған: Гүлім Жақан