Су мен сияның араласуы таңғажайып көрініс тудырады. Блогерлер түсірген макротүсірілімде аквариумдағы су ішіне сия құяды. YouTube желісінде үш күн ішінде 210 мың қаралым жинаған бұл видео желі қолданушыларының таңдайын қақтырды.
«Адамдарды гипноздайтындай керемет екен» дейді видеоны көргендер. Видеоның адамды демалдыратын, тынықтыратын әсері бар екенін де желі қолданушылар жасырған жоқ.
Шолушы: Назерке МҰСА