Орталық коммуникациялар қызметінің директоры болып Артур Нығметов тағайындалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
Айта кетелік, Артур Нығметов 2007 жылы Батыс Қазақстан Мемлекеттің университетінің тарих факультетін бітірген. Одан кейін Мәскеу Саяси зерттеулер мектебін тәмамдаған.
Швецияның мемлекеттік және муниципалдық “SIPU International” басқармасында тағылымдамадан өткен. 2008-2012 жылдар аралығында бірқатар қазақстандық және шет елдік бұқаралық ақпарат құралдарында журналист және редактор қызметін атқарған. «Назарбаев Орталығында» бас сарапшы болған. Соғыс және бейбітшілік тақырыптарындағы IWPR Британ Институты басылымында, Ресейлік экстремал журналистика бағытындағы «Оазис» Интернет-журналында, «Новая газета — Казахстан» газетінде, «Астана» журналында мақалалары жарық көрген. Жыл сайынғы «Халық қалаулысы» сыйлығының "Үздік публицист" номинациясы бойынша 2012 жылдың лауреаты.
2014 жылы “Smart Advice” коммуникациялық тобында басқарушы серіктес болып қызмет атқарған.
2015 жылы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалған.
2016 жылы «SaparTime» пікірталас клубының модераторы, 2017 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық Саясат Институты директорының штаттан тыс кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Шолушы: Айгерім Таубай